Суббота, 25 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ринат Гайсин: Денис Теннің музыкалық қабілетіне қатты таңғалдым

Санжар Мәдиев қызының үнемі Денис Тенді іздейтінін айтты

23.07.2018
0
Ринат Гайсин: Денис Теннің музыкалық қабілетіне қатты таңғалдым

Марқұм мәнерлеп сырғанаушы көзінің тірісінде Санжар Мәдиевпен бірге ағылшын тілінде бірге ән салуды жоспарлаған. Аталған әннің музыкасы мен сөздерін спортшы өзі жазған. Сондай-ақ, бұл әнді алғаш болып тыңдаған Ринат Гайсин Денис Теннің музыкалық қабілетіне қатты таңырқай қарағанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.

«Дәл қазір менімен барлығының келісетініне сенімдімін. Жанында болған кезде құдды оны өмір бойы білгендей күй кешесің. Біліп қана қоймай, өмір бойы іздеп жүргендей. Ол мінсіз, нағыз дос болатын жан. Біз 2015 жылы 2 сәуір күні Оралда өткен бір шарада кездестік. Сол уақыттан бері доспыз. Менің қызым оны қатты жақсы көреді. Кездесіп қалсақ болды, «Денис ағам қайда?» деп сұрайды.

Біз бірігіп ән жазуды жоспарладық. Жақында ғана осы мәселені талқылап, оған өз сөздерімнің нұсқасын жібергенмін. Ал ол үнемі «Саған, расымен, ұнады ма?» деп сұрап жүрді. Бұл әнді рингтон ретінде қойып қойдым. Бірінші рет естіген кезде, оны Денистің өзі жазып, өзі орындағанына сене алмадым», — дейді Санжар Мәдиев.

 

Публикация от Denis Ten (@tenis_den) 14 Апр 2017 в 10:29 PDT

Сондай-ақ, спортшының ерекше музыкалық қабілеті туралы сазгер Ринат Гайсин де айтып берді. Ол спортшының әнін тыңдап, кәсіби маман ретінде қатты таңғалғанын жеткізді.

«Ол маған өзінің музыкалық тректерін көрсете бастаған сәтте мен қатты таңғалдым. Шын айтамын! Сол сәтте мен іштей кәсіби маман ретінде қатты таңғалған едім. Біз секілді қайнап тұрған өнердің ортасында жүргендердің шын таңғалуы сирек құбылыс. Оның үстіне ол бұрын-соңды бұл салада болып көрмеген адам еді. Бірінші рет мелодиясын тыңдаған кезде, Денис аздап қысылыңқырады. «Ринат, мен бірнәрсе жасағандай болдым. Бұдан ән шыға ма, қарап көріңізші» деп айтатын. Ал мен «Денис, бұл жерде сенің жаның мен жүрегің ән салып тұр» дедім. Оның дауыс тембрінде, әнінің әр сөзінде шынайы өмір жатыр», — дейді Ринат Гайсин.

Автор: Kyn.kz

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

«Үнділікке тұрмысқа шыққан шымкеттік қыздың» тойы әлеуметтік желіні шулатты (видео)

Келесі лауазым

Назарбаевтың жиендері туралы қызықты мәліметтер

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    35 бөлісу
    Бөлісу 14 Твит 9
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.