Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы елдегі мұз айдындарының біріне Денис Теннің есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Әнші Сәкен Майғазиев те бұл бастаманы толық қолдайтынын жеткізді.
«Мен – қазақпын» деген таудай жүрегіңнен айналдық, Денисжан. Кешеден бері іштегі алай-дүлей күй, ой тыныштар емес. Дана халықтың сүйегіне таңба болды-ау. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. Өкінішті.
Аллаһ тағаланың өлшеп берген өмірін ешкім де не бір секунд ілгері, не кейін өзгерте алмайды. Я, раббым! Бізді кешіре гөр! @alibekovkz , @meirzhan_makefilms.kz бауырларымыздың еліміздегі мұз айдындарының бірінің атын Денис Тен деп өзгерту бастамасын мен де қолдаймын», — дейді Сәкен Майғазиев.
Бұл бастаманы бірінші болып Бейбіт Әлібеков көтерді. Ол «Бұл Денис үшін жасай алатын ең кішкентай нәрсе» деп жазды.
Автор: Kyn.kz