Сербиялық әнші және модель Елика Любичич бақилық болған әкесімен суретке түсемін деп көпшіліктің қаһарына ұшырады.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ол елді шулатқан суретті Instagram парақшасына салып, “Бақұл бол, әке” деп жазып қойған.
Бұны көрген желі қолданушылары қатты ашуланып, әншінің ақыл-есінің дұрыстығына күмәнданып қалған.
“Бұндай тек ауру адам ғана жасай алады”, деп жазады оқырмандардың бірі.