Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған. Ал келесі күні орман ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.
“Істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Күдіктілерді табуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр”, — деп “Костанайские новости” басылымы жазды.
Қазірде бақылау камераларына түсірілген видеолар зерттеліп, Қостанай – Затобольск жолымен жүрген жүргізушілерден жауап алынуда.