Пятница, 22 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Адам өмірден өткен соң оның әлеуметтік желідегі парақшасына не болады?

Ғаламтор желісінде өмірден озған адамдардың парақшалары толып жүр. Олар әлеуметтік желіде мәңгілікке сақтала ма, әлде уақыт өте жойыла ма?

27.07.2018
0
Адам өмірден өткен соң  оның әлеуметтік желідегі парақшасына не болады?

Әлеуметтік желідегі өмірден озған адамдардың парақшалары толып жүреді. Олар әлеуметтік желіде мәңгі сақтала ма, әлде белгілі бір уақыттан кейін жойыла ма? Осы сұраққа Hi-Tech Mail.ru басылымы жауап іздеп көрді, деп хабарлайды  Kyn.kz.

Instagram

Бүкіл әлемде бұл әлеуметтік желіні 800 миллионнан астам адам пайдаланады.

“Қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты көріп қалсаңыз, ескерткіш статусын беру үшін бізге хабарласаңыз болады”, — деп жазылған Instagram желісінің анықтамалығында. Ескерткіш статусын орнату оңай – әлеуметтік желі қызметкерлеріне дәйек ұсынсаңыз болды: қазанамаға немесе жаңалыққа сілтеме беруге болады.

Ескерткіш статусы берілген соң, ешкім марқұмның жеке бетіне кіре алмайды. Қайтыс болған адамның суреттеріндегі белгілер, лайктар – бәрі сол қалпы өзгеріссіз қалады. Оларды жою мүмкін емес. Парақша “консервіленіп”, “Қызықты” бөлімінен жоғалып кетеді. Бірақ сырттай кәдімгі аккаунт болып көрінеді.

Сонымен бірге, аккаунтты жойғызуға болады – мұндай құқыққа парақша иесінің туыстары ие, олар марқұмның туу туралы және өлімі туралы куәліктері және парақша иесінің заңды өкілі немесе мұрагері екенін растайтын құжатымен бірге өтініш бере алады.

Facebook

Цукербергтің әлеуметтік желісінде де ережелер Instagram нормаларына ұқсайды. Бірақ тағы бір таңдау бар – парақшаның сақтаушысын белгілеу. Ол адам аккаунтты қадағалап, марқұмның атынан достарымен қоштасып, аватаркасын өзгерте алады. Бірақ жеке хаттарын оқып, достарын бұғаттауға хақы жоқ.

“ВКонтакте” және “Одноклассники”

“ВКонтакте” желісін айына 97 миллион адам пайдаланады. Оның қызметкерлері желіні “өлі” парақшалардан тазартпайды. Тек туыстарының бірі өтініш білдірсе ғана, қайтыс болған адамның аккаунтын жояды.

Туыстары марқұмның парақшасын жасырып қоя алады – мұндай жағдайда, аккаунты достары ғана көретін болады. Парақша соңғы рет кіргендегі қалпында “консервіленеді”.

Жеке бетті кейде өшіруге де болады. Ол үшін қаза болған адамның туыстары өлім туралы куәлікті көрсетіп, “ВКонтакте” қызметкерлерінен парақшаны жоюды сұрауы керек.

“Одноклассники” желісінде де сондай тәртіп қалыптасқан. Парақшаны “консервілеп” тастаған соң, оған ешкім кіре алмайды.

Іздеу жүйелері

Әлеуметтік желілердегі парақшалар, аватаркаға қойған суреттер, өлең жолдары жазылған блогтар – мұның бәрін Google, Яндекс және басқа іздеу жүйелері арқылы оңай тауып алуға болады. Аты мен фамилиясын жазсаң болғаны.

Демек, барлық ақпарат іздеу жүйелерінің серверлерінде сақталады. Басқа ресурстардан жойылғанша, іздеу барысында шығып отырады, яғни, мәселен, “ВКонтакте” желісіндегі парақшаңызды өшіргеніңізше, іздеу жүйелері оп-оңай тауып алады.

 

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Қызылордалық той адам өлімімен бітті

Келесі лауазым

Отандық әнші кішкентай баласымен "ән салып" көпшілікті сүйсінтті (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай екенін анықтайтын психологиялық тесттен өтіп көріңіз.

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен  сіз қай есікті таңдар едіңіз?

Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.

Комментарияға қай есікті жаза өтіңіз. Жауап Историяда.
Соңғы кезде қатыгездер көбейіп кетті ма қалай өзі?
Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір “You tube батырлары” бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?”, – деді Дикий Арман.

Дикий Арман сіз үшін батыр ма ?
Көпшіліктің қалауы орындал Көпшіліктің қалауы орындалды🙌🙌🙌
Бұл кісінің іскерлігіне кім қандай пікірде? Алдағы уақытта спорт пен мәдениет саласынан қандай өзгеріс күтесіз?
Біреулер туа бітті таңғаларлық дауысымен ерекшеленсе, енді бірі ешкімнің қолынан келмейтін суреттер салумен айрықшаланады. 

Ал сіз өз бойыңызда қандай қабілеттер барын ашқыңыз келсе, біз ұсынған тест көмектесуі мүмкін. Ешқандай логикаға салмай-ақ, жай ғана берілген төрт түйіннен бірін таңдаңыз.
Жауабын осы парақшадағы историядан қарай аласыз.
Қай нұсқаны таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз.❤

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.