Понедельник, 12 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Аузынан көбік ағып жатты: Шымкентте итін құтқармақ болған қыз өзі де ажал құшты

Қайғылы жағдай Шымкенттегі жаңадан салынған "Пахтакор" шағын ауданынан ағып жатқан арықта болған

27.07.2018
0
Аузынан көбік ағып жатты: Шымкентте итін құтқармақ болған қыз өзі де ажал құшты

Шымкентте арық бойында итімен бірге серуендеп жүрген 14 жастағы қыз тоққа түсіп өлді, деп жазды КТК арнасы.

Қаланың қақ ортасымен ағып жатқан арнаға сол жердің тұрғындары бау-бақша суғару үшін электрлі насос орнатып тастаған екен. Ал, техника қауіпсіздігі сақталмайтын сол сорғылардың кейбірі тіпті суда жатады. Әуелі суға түскен иті өліп, артынша оны құтқармақ болған  Валерия Носикованы да тоқ тартқан. Енді марқұмның туыстары мен қорқып қалған тұрғындар сор болған сорғыларды құртсын деп талап етіп отыр.

Қайғылы жағдай Шымкенттегі жаңадан салынған “Пахтакор” шағын ауданынан ағып жатқан арықта болған. Таңертең итімен бірге серуенге шыққан Валерия Носикованың әуелі төбеті суға түсіп, арықтағы электрсорғысына жақындағанда сеспей қатыпты. Артынша итін құтқармақ болған 14 жасар қызды да тоқ ұрған. Көмекке ұмтылған көршісі Руслан да тоққа түсіпті.

“Сорғы суға тиіп тұрды. Қалай тоқ ұрғанын өзім де білмеймін, амалдап аржаққа секіріп кеттім. Мен шығарған кезде аузынан көбік ағып жатты”, — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Руслан Әбдірайымов.

Ал, тоққа қосылған сорғылардың көмегімен мұндағы тұрғындар бау-бақшасын суарады. Үйге құбыр тартып әуреге түспей әрі мемлекетке ақша төлемей-ақ тегін су алу үшін. Енді ел электр сорғы қойғандар мен бала-шағасы үшін қорқатындар болып екіге бөлініп жатыр.

Жергілікті жұрт бұл арнаны “ажал арығы” деп атап кеткен. Өйткені, Валерияның өліміне дейін де бұл арықтан үй жануарлары мен ит-құстың өлексесі жиі табылған екен. Ал, арнаның бойы электрге қосылған су сорғыларына тола екенін ескерсек, алдағы уақытта да суға түсем деп тоққа түсетіндер саны әлдеқайда көбеюі мүмкін.

“Күндіз  моторды қоймау керек, алып тастасын. Өкіметтің суы бар ғой, бақшасын солай суарсын”, — дейді қала тұрғыны Алтынай Қалымқұлова.

Ал, Гончаренколар отбасы болса Валерияның суретіне қарап егілгеннен басқа шарасы жоқ. Асырап алған екі қыздың кенжесі Валерия Носикова туғанымнан артық еді деп қанжылаған туыстары полицейлердің бұл істегі енжарлығына да қапалы.

“Қайғылы оқиға болған күні тергеуші екі күннен соң сізді шақырамыз деп кеткен. Одан кейін 9 күн өтті. Әлі хабар жоқ. Жалдаған адвокатымыз да бірнеше күн оны таба алмаған еді. Қызымның өліміне себепші болған электрлі мотор да сараптамаға жіберілмей, әлі тергеушінің кабинетінде жатқанын сол қорғаушымыздан естідік. Сонда бұл қалай болғаны?!”, — деп ашынды марқұмның әкесі Константин Гончаренко.

Ал, полицейлер болса әдеттегідей өздеріне шаң жуытпайды. Сараптамалар тағайындап, “абайсызда қаза келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс те қозғадық дейді.

“Болжам бойынша каналда орнатылған сорғының техникалық ақауына байланысты тоқ ұрған. Қыздың өліміне сол себеп болған. Абайсызда болған оқиға деген болжам жасалуда. Сараптама қортындысын әлі біраз күтуге тура келеді”, — деп түсіндірді Еңбекші АПБ аға тергеушісі Ғалымжан Қайып.

Алайда, “ажал арығының” маңындағы жұрт сор болған сорғыларды толық тексеріп, өмірге қауіп төндіріп жатқан құрылғыларды құртсын деп құзырлы органдарға  жаппай шағым түсірмекші.

 

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Депутаттар жаға жыртысты: Өзара келісімге келе алмаған шенеуніктер жиналысы төбеліске ұласты (видео)

Келесі лауазым

Тойда халық әнін орындаған қыздар көпшіліктің ашуын келтірді (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!
Өлімге әкелген "қыз алып қашу" оқиғасынан кейін Бішкек полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, ондаған өзге офицер жазаланды.
10 сәуірде Қырғызстан ішкі істер министрлігі Бішкек полициясының бастығы Бақыт Матмұсаевты, оның орынбасары Ерлан Атантаевты, тергеу қызметінің бастығы Нұрлан Өтемісовты және өзге де офицерлерді қызметтен босатқанын хабарлады. Бұдан өзге ондаған полицейге ескерту мен сөгіс секілді тәртіп шарасы қолданылған. Тексеріс нәтижесінде барлығы 44 полиция қызметкері жазаланған.
5 сәуір күні Бішкекте бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованы көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан. Оқиға көшедегі камераға түсіп қалып, видеодан көліктің маркасы мен нөмірі анық көрінген. Екі күннен соң Қанатбекова мен оны ұрлағандардың бірі саналатын Замирбек Теңізбаев сол көлік ішінде өлі табылған. 8 сәуір күні Бішкекте ірі наразылық акциясы өтіп, ашулы халық ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтен отставкаға кетуді талап етті.
Наразылар үкімет үйіне шерулетіп, ел премьері Ұлықбек Мариповпен кездескен. Үкімет басшысы іс бойынша қызметтік тексеріс басталғанын, оқиғаның президент бақылауында екенін айтқан.
Болған оқиғаға "моральдық тұрғыда жауапты" екенін айтқан ішкі істер министрі Ниязбеков қызметінде қалды.
Тергеушілер 36 жастағы Замирбек Теңізбаев Айзада Қанатбекованы қылқындырып өлтіріп, артынан өзіне қол салған болуы мүмкін дейді. Олар сондай-ақ Теңізбаевтың осыған дейін Ресейде үш рет істі болғанын айтты.
Әзірге кісі ұрлау ісі бойынша төрт адам күдікке ілініп, қамауда отыр.
Айзада Қанатбекованың туыстары полиция іске салғырт қарады дейді. Анасы Назгүл Шәкенова мен немере әпкесі Азаттықтың Қырғыз қызметіне Айзаданың ұрланғанынан 12 сағат өткенде жеке-жеке қоңырау шалғанын айтты.
Олардың сөзінше, Айзада оларға алып қашқан жігіттің бастапқыда Ош қаласына алып кетпек болғанын, кейін босатуға келіскенін, Бішкекке келе жатқанын айтқан.
Айзаданың анасы мен әпкесі тергеушіге бірден қоңырау шалғанын, бірақ тергеушінің немқұрайлы жауап бергенін хабарлады.
Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған деп жазады.

 Кино және театр жұлдызының отбасындағы бұл қуанышы оның барша жанкүйерлерін қуантты. Олар сүйікті актрисаларын шын жүректен құттықтап, сәбиі екеуіне ақ тілектерін қарша жаудырды.

 Мыңғатованы арнайы құттықтаған жұлдызды оқырмандары арасында Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар. 

"Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал Алла қаласа", "Бауы берік болсын. Боалашқта бетке ұстар үлкен азамат болсын" , "Құттықтаймыз. Сіз үшін аса қатты қуанып тұрмыз" , "Бақытты болыңыз. Сіз бар жақсылыққа лайықсыз. Сәбиіңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Сіз тұрмыстасыз ба? Мен сізді бойдақпа десем. Қуаныштымын бауы берік болсын ғұмырлы болсын саналы салиқалы мұсылман жігіт болсын" , "Дені сау, салмақты, иманды, салиқалы ұл болсын! Қуаныштымыз" , - деп жазуда көпшілік.
Алматы облысы Кербұлақ ауданында "батыр ана" он төртінші сәбиін өмірге алып келді.

 Аудан орталығы Сарыөзек ауылында тұратын Сәдуақасовтар шаңырағында он төртінші бала өмірге келіп, көпбалалы отбасын кезекті қуанышқа бөледі. Отау құрғандарына 27 жыл болған Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызы бүгінле 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отыр. Кербұлақ аудандық әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, берекесі ұйыған отбасындағы мектепте оқитын балалар оқу құралдарымен, спорттық киіммен, мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген. Ал үшеуі балабақша жасында. Онлайн оқуларына қажетті ноутбук те мектептен берілгені айтылды. Ал қызы Айжан спорттың ережесіз жекпе-жек түріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Отағасы машинист, механик, дәнекерлеуші сияқты кәсіптерді еркін меңгерген.

"Өмірдің мәні де, сәні де – бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ "баланы жастан" дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. "Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді" дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі екен", – дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы.
БҚО-да Жанғалы мектеп-гимна БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілінді. Ол қызметінен босатылып, үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдары оқу орнының басшысы қыздың отбасында болған жағдайды біле тұра хабарламады деп күдіктенеді.

Оқиға 2019 жылы болған. Сол кезде 10 жаста болған мектеп–гимназиясының оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Ол үшін қамауға алынды. 2020 жылы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында "МГ" редакциясына мектеп-гимназия директорының туыстары хабарласып, оны қамауға алынғанын және жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан. Тергеушілер мектеп басшысы мен мұғалімдерінен оқушыға зорлық-зомбылық жасалғанын білді және ол туралы құзырлы органдарға хабарламады деп күдіктенеді.

Күдіктінің адвокаты Айслу Биялиеваның айтуынша, айыптау тек жәбірленуші қыздың сөзіне негізделген және кез келген мұғалім бұл жағдайға тап болуы мүмкін.

"Мектеп директорын демалыс кезінде мектептен тыс уақытта жасалған қылмыс үшін жауапқа тартқалы жатыр. Тергеу барысында қыз 2019 жылдың сәуірінде Жаңғалы мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне анасының азаматтық некедегі күйеуі қысым көрсеткенін хабарлағанын айтты. Полиция директор мен мектеп-гимназияның тағы төрт мұғалімінен жауап алды. Олар қыздың сөздерін толығымен жоққа шығарды. Олар айғақтарын сотта да растады", - деді Айслу Биялиева.
Қоғамдық көлікте болған екі азаматтың ұрысы көпшілікті шошытты. Бажасын айтып қорқытатын кісінің жыры біткенде ағасын айтып қорқытатын жаңа "жұлдыз" шықты.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.