Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы Қуат Найман өзге елде жаттығудың басты себебімен бөлісті

Атышулы отандық спортшы Қуат Хамитов Тайланд елінде жаттығудың негізгі мақсат-себептерін айтты

27.07.2018
0
Ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы Қуат Найман өзге елде жаттығудың басты себебімен бөлісті

Қазақстандық ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы Қуат Найман өзге елде жаттығудың басты себебін айтты. Арнайы сұхбатты спортшы Nur.kz ақпараттың порталына берді, деп хабарлайды Kyn.kz

Жақында ғана Қазақстанға қайтып келген ережесіз жекпе-жек спортшысы Қуат Найман не себепті жаттығуларын өзге елде жасайтынын айтты. Анықталғандай, ол маңызды жекпе-жектерінің алдында Тайландта жаттыққанды жөн санайды. Бұл шешімнің өзіндік себептері де бар болып шықты.

«Тайландқа барып жүргеніме алты жылдың жүзі болып қалды. Қазақстанда күн суығанда жылы жаққа қарай ауысып жаттығуларымды сонда жалғастырамын.Ең бірінші себеп — ауа райы.

2016 жылы Ресейде өткен жекпе-жегім мен үшін ауыр өтті. Неге десеңіз, суық кездегі дайындық бәрібір де басқаша болады. Сол кездесуге мен өз елімізде жаттыққам болатынмын. Кездесуден кейін біраз ауырып қалғаным да бар. Сол себепті, суық кездері Тайландқа барып жаттығуды әдетке айналдырдым», — деп айтты Қуат Хамитов.

— Неге таңдауыңыз дәл сол Тайландқа түсті? Не себепті басқа жылы мемлекеттер емес?

«Біріншіден, ол жерде мен Phuket Team агенттігімен келісім шартым бар. Ондағы әріптестерім де өте мықты. Аса ауқымды жаттығу нәтижесінде үздіксіз спаррингтерді де өткізіп тұрамыз. Екіншіден, Тайланд жаныма жақын ел. Оның тіпті Қазақстанмен ұқсас тұстары да бар. Тайлықтар біз секілді қонақжай әрі мейірімді».

Алайда, көптеген елдерді аралаған Қуат Найман бәрібір де Қазақстанға, әсіресе қазақтың ұлттық тағамдарына ешбір жердің тамағы жетпейтінін айтты.

Спортшының айтуынша, сегіз бұрышқа ұзақ уақыт шықпауының себебі қатарынан болмай қалған екі кездесуінде.

«Белгілі себептерге байланысты екі жекпе-жегім өтпей қалды. Бұйыртса алдағы уақытта, 31 тамыз күні еліміздің астанасында үлкен жекпе-жекте мықты қарсыласқа қарсы шығатын боламын», — деді спортшы.

Қуат Найманның қарсыласы болып өзіне «ет жеуге кеңес берген»армяндық спортшы Давид Хачатрян таңдалды.

https://www.instagram.com/p/Bedb3Uylc7C/?utm_source=ig_web_copy_link

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Денис Тен ісі. Сот үшінші күдіктінің есімін жариялады

Келесі лауазым

Жақын досы Денистің сезімге толы әндерінің қай аруға арналғанын айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.