Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Денистің өліміне күдікті Құдайбергенов жайлы жаңа деректер пайда болды

Қиясовтың ата - анасы халық алдына шығып өз пікірлерін білдірген еді. Ал Арман жайлы бұған дейін толық ақпарат айтылмай келді

28.07.2018
0
Денисті пышақтаған күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған

Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың ата-анасы нақты дәлел талап етіп, тіпті, әлеуметтік желілерге видеоларын да жариялаған еді өткенде. Бірақ, екінші күдікті Арман Құдайбергенов туралы ешқандай ақпарат айтылмайды. 31 арна тілшілері сонау Байқоңыр жақтағы Арман Құдайбергеновтың балалық шағы өткен ауылына арнайы барып, әкіммен де, сабақ берген мұғалімдермен де тілдесіп көрген еді.

Құдайбергенов қанды қылмысқа барды дегенге ауылдастары сене ме? Күдікті, оқушы кезінде қандай болған дейді?

Ресейдің еншісіндегі Байқоңыр қаласын жағалай орналасқан Төретам, Ақай деген ауылдар бар. Чемпионға пышақ салып, ажал құштырды деп басты күдікке ілінген 24 жастағы Арман Құдайбергеновтың бала күні осы қос ауылда өткен.

Ақайда туылғанымен, Төретамдағы мына №85 мектепте 7-сыныбына дейін білім алған екен. Бірақ бұл ауылдарда күдіктімен көрші тұрдық , не болмаса танимыз деген жан табылмады. Есесіне, оқыған мектебіндегі ұстаздар Арманның аты қылмысқа қатысты шыққанда жағамызды ұстадық деп отыр.

“Оқушы оқыған кезінде мінезі тәрбиесі бәрі жақсы болды. Жақсы жағынан көірініп жүрді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрді”, – дейді №85 орта мектептің іс жүргізушісі Нұрбибі Ықыласова.

Бүгінге дейін Арман Құдайбергенов Байқоңыр қаласында жалғыз әкесі екеуі ғана тұрған дейді мұғалімдер. 7-сыныптан 9- сыныпқа дейін Байқоңыр қаласындағы мектепте оқыған. Одан соң, Алматы, Астана қалаларында жұмыс істеп жүрді дейді тұрғындар.

“9-кластан кейін өз жұмыстарымен жүрген. Отбасы Байқоңыр қаласында тұрған. Сосын кейін, естуіміз бойынша, Алматыға қарай кеткен ғой”, – дейді Төретам ауылының мұғалімі Шайқыбек Сүйімбетов.

– Бұзықтығы болған ба?

– Кенттің ішінде сұрасам бұзықтығы болмаған.

Әкім 11600 адам тұратын ауылда жастарға барлық жағдай жасалған дейді. Айтуынша білім жағынан да ауыл алдыңғы қатарлардан көрініп жүр.

Ал Арманның бұл іске күдікті болып табылуына кейін Алматы, Астанада жүрген шағындағы үлкен қалалардағы қым-қиғаш тіршілік, болмаса араластын ортасы әсер етуі мүмкін дейді әкім де, мектеп ұстаздары да.

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Денис өзі құлай сүйген ару туралы: Ол менен 5 жас кіші, оған қалай ұсыныс жасайтынымды да ойлап қойғам

Келесі лауазым

Айдың тұтылу сәті: желіде әлемнің түкпір-түкпірінен ерекше құбылыстың фотосуреттері жарияланды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.