Пятница, 22 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«ТМД Аруы-2018» байқауында қазақ қызы бірінші орынды иеленді

Барлық арулар марапатталды. Екінші, үшінші, төртінші вице-мисс атағына Қазақстан, Армения, Ресей аруалары ие болды.

28.07.2018
0
«ТМД Аруы-2018» байқауында қазақ қызы бірінші орынды иеленді

Астанада Мисс-ТМД-2018 таңдалды. “ТМД Аруы-2018” атағы Украинадан келген ару Татьяна Акуленкоға бұйырды.

Жалпы, байқауға 10 елден 19 ару қатысты. Олардың ішінде Қазақстаннан – Роза Ярлабекова, Әсем Есенгелдинова және Ксения Якимчик, Армениядан – Ромелла Тамарян, Украинадан – Татьяна Акуленко, Лика Шевченко мен Оксана Левченко, Грузиядан – Аннамария Качеишвили және Лика Тория, Тәжікстаннан – Маликабону Каюмова мен Назира Мирзоева, Беларусьтан – Виктория Лавренко мен Анна Панамарева, Ресейден – Арина Зинченко, Виктория Волгина және Жанара Хасенова, Латвиядан – Лариса Агафонова, Қырғызстаннан – Сусанна Егорян, сондай-ақ, Өзбекстаннан – Дарья Масальская бар. Қатысушылардың жасы – 18-30 арасы.

Ресейдің атынан сынға түскен Жанара Хасенова – этникалық қазақ. Жанар өзге елде тұрса да, өз еліндегі жоғары оқу орнына түскісі келеді.

«Мен Челябі облысының Магнитогорск қаласында дүниеге келдім. Ата-анам да сол жақта туды. Мәскеуде өткен «Ресей аруы» байқауына қатысып, бірінші орын алған болатынмын. Содан осы байқауға жолдама алдым. Жақында мектепті бітірдім. Қазір абитуриентпін. Астанадағы жоғары оқу орындарының біреуіне түсетін ойым бар», – деді Ж.Хасенова.

Бүгінгі байқауға атышулы Сусанна Егорян да қатысты. Былтыр ол «Қырғызстан аруы» атағын жеңіп алғаннан кейін World Next Top Model 2017 Халықаралық байқауына қатысқан болатын. Финалда Сусанна Арменияның жазуымен шықты. Сол үшін қырғызстандықтар оны қатты сынға алды. Осы жолы Сусанна өз елінің атауы жазылған лентамен бірге қырғыз xалқының ұлттық киімін де киіп шықты.

Жеңімпаз аруға Достық сайысына орай арнайы Арменияда жасатылған гаухар тастары бар алтын жалатылған тәж тағылды. Оған қоса, Татьяна Акуленко Еуропа елдеріне бір апталық саяхат ұтып алды.

Бірінші ТМД-2018 вице-мисс атағы Алматыдан келген қазақстандық ару Әсем Есенгельдиеваға берілді, екінші ТМД-2018 вице-мисс атағы Армениядан келген Ромелла Тамарянға берілсе, үшінші вице-мисс Ресейлік ару Виктория Волгина атанды.

Бірінші вице-мисс Әсем Есенгельдиева Дубаиға бір апталық тур ұтып алды.

Арулар финалда сахнаға ұлттық киімде, кешкі сәнді көйлектерде шықты. Сайысқа қатысушылардың көрсетілімі арасында КазМедиа сахнасына Қазақстан мен Ресейдің орындаушылары: Руслан Бердіматво пен Севак Хангян үздік әндерін шырқап шықты.

«ТМД Мисс» байқауының бас директоры, ұйымдастырушысы Наири Мнацаканян әділқазылар төрағасы болды. Сонымен қатар, әділқазылар қатарында Velad Models модель агенттігінің бас директоры Зарина Көптілеуова, қазақстандық танымал музыкант Ерлан Кокеев және Ресей, Армения, Тәжікстан елдерінің елшілері болды.

«ТМД Мисс-2018» халықаралық конкурсы 1996 жылдан бастап жыл сайын өтеді. Байқау Астанада алғаш рет 17-27 шілде аралығында өтті.

 

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Шымкенттік көпбалалы ана ДЦП диагнозымен туған ерекше сәбиді асырап алды

Келесі лауазым

Қызылордада зорланған 9 жасар қызды қорғамақшы болған анасы қайтыс болды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Керемет!Бірақ, мықты маманд Керемет!Бірақ, мықты мамандардың өзге елге қызмет етіп жатқанына қалай қарайсыз?

Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Джорджтаун университетінің түлегі, Әсел АҚШ президенті протоколында 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген.
Сіздің шынайы мінезіңіз қандай екенін анықтайтын психологиялық тесттен өтіп көріңіз.

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен  сіз қай есікті таңдар едіңіз?

Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.

Комментарияға қай есікті жаза өтіңіз. Жауап Историяда.
Соңғы кезде қатыгездер көбейіп кетті ма қалай өзі?
Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір “You tube батырлары” бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?”, – деді Дикий Арман.

Дикий Арман сіз үшін батыр ма ?
Көпшіліктің қалауы орындал Көпшіліктің қалауы орындалды🙌🙌🙌
Бұл кісінің іскерлігіне кім қандай пікірде? Алдағы уақытта спорт пен мәдениет саласынан қандай өзгеріс күтесіз?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.