Суббота, 25 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Психологиялық тест: Өз мінезіңіз бен бойыңыздағы қасиетіңізді біле жүріңіз

Тура осы тест бойынша өзін тексерген әлемнің 1 млн тұрғыны ақпараттың 90 пайыз дұрыс шығатынын растаған

29.07.2018
0

Көз – жанымыздың айнасы. Сол себепті оған байланысты психологиялық тест түрлері де өте көп.

Соның ішінде ең ерекше нұсқасын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Суреттегі 9 көзге қарап, ұзақ ойланбай, біреуін таңдаңыз.

Ойланып, таңдаудың қажеті жоқ. Қайсысы сізге көбірек ұнады, соны таңдауыңыз керек.

1. Егер сіз 1-көзді таңдасаңыз, демек басты қасиетіңіздің бірі – көңілділік.

Сіз әрбір жаңа танысқа қуанатын адамсыз. Кез келген адамға жүрегіңіздің есігін ашып, жайдары қарсы алуға дайынсыз. Салдарында талай рет қателесіп, қапаланасыз.  Өзгелерге қорқышыңыз бен сенімсіздігіңізді білдіртпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шеше алатыныңызға сенімдісіз. Сонымен қатар басқаларға да қол ұшын беруге дайын тұрасыз.

2. Сіздің басты қасиетіңіз – адалдық.

Өзгелерге жақсы әсер қалдыру үшін барыңызды салуға дайынсыз. Бәрін дұрыс жасауға тырысасыз. Адамның іс-әрекетіне қарап, оған баға беруге болады деп санайсыз. Күйзеліске түскенде не көңіл-күйіңіз төмен болғанда ешкімге тіл қатпауга тырысасыз. Әлем сіздің қынжылған, ашулы не мазасыз күйіңізді көрмеуі керек деп есептейсіз. Өзіңізді өзгелерге арнау үшін өмір сүресіз.

3. Егер 3-ті таңдасаңыз, дәл қазір өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін.

Өткеннің естелігі қазіргі күнге әсер етеді. Өмірді қатігез деп санайсыз. Өзіңізге жайлы орын іздеумен келесіз. Беймаза ойларыңызды ешкімге айтпауды жөн көресіз. Өйткені ақырында бәрі өз орнына келетініне сенімдісіз. Бұл өткінші, ауыр кезең екенін жақсы түсінесіз.

4. Сіз – нағыз философсыз.

Сіз әлемдегі барлық нәрсенің «түпкі себебін» табуға әуес адамның бірісіз. Басқа ешкімнің мазасын алмайтын сұрақтар жайлы ойланып, әлемнің «құрылымын» түсінуге ұмтыласыз. Бір уақытта бірнеше нәрсе туралы тереңінен ойланып, жауабын табуға тырысасыз. Жауабы табылған сұрақты қойып, жаңа жұмбақты шешуге кірісесіз. Әлем сіз үшін — үлкен жұмбақ. Оның шешімін тауып, не істейтініңізді білмесеңіз де, іздеуді тоқтатпайсыз.

5. 5-көз – ақылға сыймайтын жұмбақ жан.

Сіз әлі күнге дейін өмірдегі өз орныңыз бен кім екеніңізді таппадыңыз. Дегенмен, тырысуды тоқтатпайсыз. Көңіл-күйіңіз сағат сайын ауысып тұрады. Өзіңіз жайлы әңгімелегенді ұнатпайсыз. Көп сөйлегенді жақсы көрмейсіз. Бірақ біреудің әңгімесін тыңдағанды қызық көресіз.

6. Басты қасиетіңіз – аса сезімталдылық.

Сіз – айналаңыздағы болып жатқан жайттың бәрін бүге-шігесіне дейін байқайтын және есіне сақтайтын адамсыз. Мұның арқасында әлеммен үндесе аласыз. Сезімдеріңіз әрқашан терең, әрекетіңіз кейде ақылға қонымсыз болса да, сүйкімді көрінеді.

Сізді күлдіру де, жылату да оңай. Дегенмен сіз өзгелерге өз нәзіктігіңізді білдіртпеуге тырысасыз. Оның орнына ақылдылығыңыз бен даналығыңызды көрсетесіз. Жалпы, сіз позитивті тұлғасыз. Сондықтан өмірден тек жақсылықты күтесіз. Өмірде болып жатқан қызықты, ерекше жайттар жайлы бірінші білуге ұмтылатын адамсыз.

7. Энергиясы мол адамсыз.

Тұла-бойыңыздағы энергия әлемді ерекше етіп көруге көмектеседі. Сезімдеріңіз үнемі шектен шығуға жақын тұрады. Шын жүректен сүйіп, шын жүректен жек көре аласыз. Кез келген сұраққа қатысты өз пікіріңіз бар. Энергияңызды уайымдауға жұмсауға үйірсіз. «Бәрі маған қарап тұр, маған сенеді» деген ауыр жүкті арқалап жүргендейсіз.

8. Сіз – ережеге бағынбайтын жансыз.

Сіздің қызығушылықтарыңыз бен ұстанымдарыңыз өзгелердікіне ұқсамайды. Басқалар үшін сіз «біртүрлі адамсыз». Бірақ сізді мұндай пікірлер алаңдатпайды. Сіз дәстүр мен ережеге бағынбайсыз. Өз жолыңызды іздеумен боласыз. Егер оны табу үшін талай жерден сүріну керек болса, оған да дайынсыз.

Жақындарыңыздан ешнәрсені жасырмайсыз, бірақ өз пікіріңізді де орынсыз айта бермейсіз. Әркімнің өз жолы бар, әр адам — ерекше тұлға екенін түсінесіз. Сол себепті біреу сізді сынап, мінесе, ойынға айналдырып жіберіп, аса мән бермейсіз. Дегенмен, өзіңізге ұқсас адамды іздейсіз.

9. Ішкі дауысыңызға сенесіз.

Сіз — қоршаған орта мен әлемді сезе алатын адамсыз. Адамның сезімі мен ойын сөзіне қарап емес, дауысына, жүріс-тұрысына қарап білесіз. Бала кезіңізден бастап адамдарды жақсы танисыз. Біреудің ойы мен өзгелерге білдіртпейтін қасиеттерін байқай аласыз. Бұл білім сізге өмір жолында да, мансапта да талай рет көмектесті. Біреу біреуді арбаса, алдаса бірден сезіп, білесіз. Сол себепті сізді де алдау өте қиын.

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

Психологиялық тест: Болмысыңыздың қандай екенін біле жүріңіз

Келесі лауазым

Танымал болудың кілті: Қайрат күніне төрт-ақ сағат ұйықтайтынын айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    35 бөлісу
    Бөлісу 14 Твит 9
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.