Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тамара Асар не үшін 10 күн аштық жариялағанын түсіндірді

Әнші әлі күнге дейін салмағанының 42 кг екенін айтып мақтанды.

30.07.2018
0
Тамара Асар не үшін 10 күн аштық жариялағанын түсіндірді

Тамара Асар 18 жасындағы салмағын әлі күнге дейін сақтап келе жатқанын айтып мақтанды. Сондай-ақ, ол неліктен жыл сайын 10 күндей аштық жариялайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Шынымды айтсам, сырт пішініме қатысты қиындық көрген емеспін. 20 жасымдағы фигурамен тұрмын. Ешқашан толған емеспін. Бірақ қазақы киімдер киген кезде үлкен болып көрінемін. Сондай-ақ, қабат-қабат киінетін кездеріміз болады. 18 жасымда 42 килограмм болдым. Әлі де сол қалпымдамын», — дейді Тамара Асар.

Әнші жылына бір рет өзіне аштық жариялайды екен. Ол мұны қандай мақсатпен жасайтынын түсіндірді.

«Өзімді тамақ мәселесінде ешқашан шектемеймін. Бірақ жылына бір рет 10 күн аштық жариялаймын. Ол ішкі ағзаны тазалау үшін. Кешке қарай жақсы көрген тамағымның барлығының дәмін татамын. Ешқашан өз-өзіме мынаны жеуге болмайды деп тыйым салмаймын. Керісінше бір жылдары тамақ іше алмай қиналған кездерім болды. Тамаққа тәбетімді ашу үшін көп нәрселерді жасадым. Жалпы тамақтың дәмін татсам, тойып қалатын адаммын», — деді ол.

Сондай-ақ, жұлдыз күнделікті қандай тағамдарды тұтынатынын айтып өтті.

«Таңертең ірімшік пен қаймақ міндетті түрде жеймін. Сосын екі дөңгелек өрік пен мейіз жеймін. Міндетті түрде шай ішемін. Шайды қойғым келді, бірақ онсыз өмір сүре алмаймын. Аздап нан жеп, түсте жақсылап ыстық тамақ ішемін. Сондай-ақ, мәзіріме қазы мен қартаны қосуды ұмытпаймын», — деді Тамара Асар.

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Алматыда жоғалған қызды полиция емес, анасы оңай карта арқылы тапты

Келесі лауазым

Денис Тен: Шай ішкенді жақсы көремін, өйткені қазақпын

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    43 бөлісу
    Бөлісу 17 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.