Понедельник, 18 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

24 шәкірті чемпион: Қазақстанға еңбегі сіңген ауыл бапкері туралы не білеміз? (фото)

Түркістан облысында 24 шәкірті дүниежүзінің чемпионы атанып, жетеуі әлем чемпиондығын екі дүркін жеңіп алған  жатықтырушы тұрады

30.07.2018
0
24 шәкірті чемпион: Қазақстанға еңбегі сіңген ауыл бапкері туралы не білеміз? (фото)

Түркістан облысында тұратын Арман Қарсыбаев- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Азияның абсолютті чемпионы, еліміздегі қол күресі спортының негізін қалаушылардың бірі.  Өз саласында айтарлықтай жетістікке жеткен бапкердің 24 шәкірті дүниежүзінің чемпионы атанып, жетеуі әлем чемпиондығын екі дүркін жеңіп алған

Арман Қарсыбаев құрған «Шардара» спорт клубы қазіргі уақытта еліміздегі қол күресінен әлемді мойындатып жүрген командалардың бірі. Клуб мүшелері Азия кубогы жарыстарында 50, Қазақстан чемпионаттарында 262 алтын медаль иемденген. Бұдан бөлек, 32 шәкірті әлем чемпионатының жүлдесіне иеленсе, 26 спортшы Әлем кубогының жеңімпазы атанып, қазақстың атын әлемге шығарып жүр.

“Алайда қазіргі жетістіктер бірден келе қоймады. Бастапқы уақытта біраз қиналдық”-, деп бапкер  есіне алады.

«2000 жылдары, яғни 23 жасымда Алматыдағы оқуымды тәмамдап, туған жерге оралдым. Дайын тұрған жұмыс жоқ. Содан қарап жүрмей шәкіттер тәрбиелейін деп шештім. Спорт залдарын жалға ала салуға қаржы тапшы. Болмаған соң үйімнің мал қорасын тазалап, ретке келтірдім.

Жан-жақтан кәдеге жарайды-ау деген темір-терсекті жинап, қол күрес тобын құрдым. Көшеміздегі балалардың басын құрап, спорттың осы түріне баули бастадым. Олар да қуана келісті. Өйткені мен ол кезде Қазақстанның білдей бір чемпионы болатынмын. Бастапқыда жаттығуға керек заттарымызды таба алмай қиналдық.

Штангалардың орнына жылу батареяларын қолданған кездеріміз де болды. Қала берсе еденге киіз төсеп, соның үстінде жаттығып жүрдік. Бірте-бірте қатарымыз көбейді»,- дейді бапкер.

Арманның айтуынша, шағын ғана жаттығу алаңы уақыт өте келе бір жүйеге түскеннен кейін, түрлі жарыстарға шақырту ала бастаған. Дегенмен, ауыл жаттықтырушысында ірі жарыстарға шәкірттерін жіберуге қаражаты болмапты.

2003 жылы шәкірттерінің бірі Сейфолла Нұрхалықов Германиядағы кәсіпқойлар арасындағы әлем кубогына шақырту алады. Алайда жарысқа бару үшін қыруар ақша қажет болған. Дегенмен, оның 82 шәкірті жұмыла кірісіп, 11 күн бой мақта теріп, ақша тауыпты.

“Мақтадан түскен ақшаға Сейфолланы Германияға жеткіздік. Сейфолламыз да бізді жерге қаратпады. Сол жарыстан жеңіспен оралды. Өзім де 2004 жылы 27 жасымда ең ауыр салмақта Азия кубогының жеңімпазы атандым. Сол жылы Азия чемпионатының абсолютті жеңімпазы болдым. Ал 2005 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында қола медальді місе тұттым. «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына қол жеткіздім»,- дейді Арман Қарсыбаев.

2007 жылы шәкірттерінің бірі Жазира Ақбаева әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ержан Әбілда, Талғатбек Рүстембек, Шынболат Райханов, Қыдырғали Оңғарбаев, Мағжан Шәмиев, Жазира Ақбаева, Ердәулет Нұрмахандар екі рет әлем чемпиондары атанған. Азия чемпионаттарында шардаралықтар 157 алтын медальға ие болса, 128 спортшы құрылық біріншілігінің күміс, қола жүлделеріне қол жеткізген.

Бүгінде “Шардара” клубының 1 спортшысы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», 57-сі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 95 спортшы спорт шебері, екеуі «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» дәрежесіне ие болған.

Қазіргі таңда клубта 600-дей спортшы жаттығады.

Клубтың жеңістері де күннен күнге көбейіп келеді, дейді бапкер. 2015 жылы – Нұрдәулет Айдархан, Талғатбек Рүстембек, Шынболат Райханов, Ержан Әбілда Әлем чемпионатында топ жарды. Ал 2016 жылы – Нұрдәулет Айдархан, Шынболат Райханов, Қыдыр Өсербай, Ердәулет Нұрмахан, Ержан Әбілда,Талғат Ақтаев әлемдік жарыста жеңімпаз атанды.

2017 жылы – Нұрдәулет Айдархан, Қыдыр Өсербай, Талғатбек Рүстембек, Талғат Ақтаев, Нұрдәулет Қадыр, Ердәулет Сарыбай, Нұрхан Қадыр, Қайырхан Шәмиевтер дәл осы көрсеткіштерді қайталаған.

Спортшылардың арасынан Нұрдәулет Айдархан дүниежүзілік чемпионатта үш рет жеке-дара шығып, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атанды.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Қалауымның атышулы қатысушысы үйленді

Келесі лауазым

Санжар Мәдиев Денистің қазасына байланысты күдікті қыздың не үшін тұтқындалғанын түсіндірді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Адвокат Еркін Кахаровтың айтуынша, әжейдің есімі – Алтынкүл. Ол туған қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеп, жарақат алыпты. 
Туыстарының айтуынша, жәбірленуші әйел өмір бойы жұмыс істеген, ешқашан той-томалақ пен демалыс орындарына бармаған, балаларын асырау үшін тер төккен, оларды ұрмаған, тіпті оларға ұрыспаған. 
Алайда, қыздары есейіп, туған анасына қол көтере бастапты. Бұған отбасы бөлісе алмаған өгей әкелерінің үйі себеп болған. 
Адвокат барлығы 2018 жылы басталғанын атап өтті. Әжей өзінің кіші қызына өмірден өткен күйеуімен бірге салған үйді берген. Алайда қыздың анасы онымен бірге тұратынын айтып, шарт қойған. 
Жазатайым оқиға салдарынан, тұрғын үйді қызының атына рәсімдегеннен кейін 10 күн өткен соң, кіші қызы қайтыс болады. Мүлік күйеуіне және екі баласына мұраға қалады. 
Адвокат заң бойынша үйдің 1/8 бөлігі бірінші кезеңнің мұрагері ретінде Алтынкүлге тиесілі деп жазады. Әйелі қайтыс болғаннан кейін 40 күн өткенде, күйеу баласы енесінен үйден кетуін сұраған, бірақ әжей баратын жері жоқ екенін айтыпты. 
Содан соң олар өзара соттасқан. Кейуана барлық жинап-терген ақшасын адвокаттарға жұмсаған. Қарияның айтуынша, шамамен 1,8 миллион теңге құртқан, бірақ сотта жеңілген. 
Жағдай одан да нашарлай түскен, деп атап өтті адвокат. Кіші қызының күйеуі одақтас ретінде өгей әкесінен қалған үйден өз үлесін алғысы келетін қалған екі қызды қосып алады. 
"Сондықтан олар есеп айырысуға келіп, өз аналарын ұрып тастаған", – дейді Еркін Кахаров
Кахаров полицияға арыз жазылғанын түсіндірді. Әжейдің өзіне қол жұмсағысы келгені, бірақ кездейсоқ жағдайдың арқасында аман қалғаны белгілі болды. 
Енді Еркін Кахаров қарт ананың мүдделерін ақысыз қорғауды өз мойнына алды.
Алтынкүлдің сол қолы екі жерден сынған, денесінің бірнеше жері көгерген. Осы арада туындаған жағдайға қатысты Шымкент полиция басқармасы түсініктеме берді
"Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 1950 жылы туған жергілікті тұрғынды туыстары ұрып-соққаны туралы арызына сәйкес, қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады - деді ведомствода
Балалар үйінің түлегі Бекебаев Самат жаңа заң әр отбасының берекесін қашырып  елдің тұтастығына үлкен қауіп екенін ескертеді.

Қазақстанның болашағы жетімге тола болады. Балалар үйінің түлегі жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білдірді. 

Бекебаев Самат:  айта кетейін бізде жетімдер саны өте көп, және оны азайту мүмкін болмай жатыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан көрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Жеке басым мені бір емес бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген. Алайда балалар үйінің басшылары немесе Шымкенттік басқарма басшылары апта сайын ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып тексеру жүргізеді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болады. Ал оған себеп мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлектері бар. Көбісін бір емес бірнеше отбасы асырап қайта балалар үйіне әкелген. Болашағымыз жетім мен қарттар үйі тола болады. Қысқасы Ұлдарымызды Америка ға немесе шетелге емес, немесе балалар үйі мен түрлі жетімдер үйінде емес тек өз ата анасымен қалуды бұйырсын.
Ән қалай? Халықтың мұңы ма? Ән қалай? Халықтың мұңы ма?
Бұл ақынның ұсынысына не де Бұл ақынның ұсынысына не дейсіздер?
Оқушы мұғалімді састырды Оқушы мұғалімді састырды
Масқара! Жаңа заңды еңгізбе Масқара! Жаңа заңды еңгізбей жатып балаларды тартып алуда ма? 😡😡😡😡🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
 Бұл сұмдықты тоқтатуды сұраймыз. Қолдасаңыз пікір жазып, қолдау көрсетіңіз.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.