Суббота, 25 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Оған рұқсат берген кім: «Махаббат бекеті-2» фильмінің жалғасын түсіріп жатқан Алагөзованың басы дауға ілікті

"Махаббат бекеті" фильмінің 1993 жылы нұсқасының авторы, режиссері Талғат Теменов өзіне бір ескертпестен фильмнің екінші бөлімін түсіре бастаған продюсерге шүйлікті

31.07.2018
0
Оған рұқсат берген кім: «Махаббат бекеті-2» фильмінің жалғасын түсіріп жатқан Алагөзованың басы дауға ілікті

Талғат Теменов «Махаббат бекеті-2» фильмінің екінші бөлімін түсіріп жатқанын  естігенде таңғалғанын жасырмапты. Оған себеп те жоқ емес екен. Себебі оны продюсер Алагөзовадан емес, басқа айдаладағы біреулерден естіпті. Бұл «Баян үшін ұят құбылыс»-, дейді ренжіген режиссер.

«Махаббат бекеті» ол — менің фильмім. Оны мен айтпасам да, көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Тіпті, керек десеңіз, мен «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері, сценарий авторы ғана емес, повесттің де авторымын. Ол фильм менің повестімнің желісінде түсірілді. Басты рөлді сомдаған Баян сол кезде бірінші курсты аяқтаған студентім болатын.

Бұл не масқара? Менің көзім тірі. Мен соның жалғасын түсіре алмай жүргендіктен түсірмей жүргем жоқ. Шығарма өз биігінде қалуы керек. Олар бұны өнер жасайын деп түсіріп жатқан жоқ. Ақша табу мақсатында жасап жатыр. Сондықтан, керек болса Еуропалық, Бүкіләлемдік авторлық құқық қорғау ұйымдарына шығуға дайынмын», — деген автор осыған дейін Баянның өзіне бір рет хабарласқанын да жасырмады.

«Былтыр маған Баян хабарласты. Анау бір қайғылы оқиғадан кейін, ауруханадан шыққан кезі екен. Хабарласып, «Талғат Досымғалиевич, бір бомба дүние жасайық» деп, осы «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіру туралы айтты. Әзіл-шыны аралас әңгімемізден кейін, «көрейік» деп қоя салдым. Ол менің көмекшіммен бір мәрте ғана сөйлескен. Біз фильм түсіруге келісімімізді бермедік.

Бұл — ұрлық. Интеллектуалды ұрлық. Мен — авторымын. Менің шығармама менің рұқсатымсыз неге тиседі? «Қазақфильм» пленканың иесі шығар. Бірақ, мен фильмнің режиссері ғана емеспін, сценарий авторымын. Мен повесттің авторымын. Менен рұқсат сұраған да жоқ. Естуімше, олар сол менің фильмімнің музыкасын да алыпты. Сол фильмнен кадрлар алған. Оған кім рұқсат берген», — деп ашуланды Теменов.

Бөлісу15Твит10
Алдыңғы лауазым

Оралда өз келінін өлтірген қайын атасының атышулы ісіне сот үкімі шықты

Келесі лауазым

Жеті адам тірідей өртенді: Батыс Қазақстанда адам шығыны көп көлік апаты болды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    35 бөлісу
    Бөлісу 14 Твит 9
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.