Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Дәрігерлер әкесі сабаған баланың денсаулығы жайлы айтты

Дәрігерлер төрт жасар Мұхаммедтің беті бері қарап келеді, бірақ әзірге сөйлемейтінін айтты.

02.08.2018
0
Дәрігерлер әкесі сабаған баланың денсаулығы жайлы айтты

Бұл жайлы Sputnik.kz жазады.

Алматы балалар жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері Шығыс айналма жолынан табылған бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты. Ақ халаттылар баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

«Қазір баланың беті бері қарап келеді. Есін жиды, барлығын түсінеді. Аяқ-қолдарын қимылдатып жатыр. Оң қолы мен аяғын қозғалтуға, жымиюға тырысады. Эмоционалды және клиникалық жағынан өзін бұрынғыдан әлдеқайда жақсырақ сезіне бастады», — деді Алматы балалар шұғыл көмек ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Николай Дьяченко.

Сондай-ақ, ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында интенсивті терапия жалғасып жатқанын атап өтті.

Қазір баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, алайда дәрігер Мұхаммедтің оңалуы мен қалпына келуіне нақты қанша уақыт кететінін айтуға қиналды.

 

«Неге екенін білмеймін, әйтеуір бәріне уақыт факторы қызық. Бірақ біз үшін бастысы уақыт емес. Ең бастысы – денсаулығының оңалғаны», — деді Дьяченко.

Маманның айтуынша, жақын арада балаға тағы бір операция жасалады.

«Қазір нақты уақытын айту қиын, бірақ оған тағы бір ота жасау қажет. Бұл бас сүйегінің пластикасы. Оның сүйегі бізде сақталған. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын біздің емханада әзірленген әдістеме бойынша консервіленген», — деп түйіндеді Николай Дьяченко.

Шығыс айналма жолынан табылған балаға не болды?

16 шілде күні полицияға жол апатына кінәлі адам бүлдіршінді қағып, оны көрпеге орап тастап кеткені туралы ақпарат түседі. Ол кезде аудандық ІІБ-ға баланың әкесі көмек сұрап жүгінген еді. Ер адамның айтуынша, ол жұмысқа кеткенде, ұлының соңынан ере шыққанын байқамаған, ал трагедия туралы әлеуметтік желілерден біліпті. Сол жолы баланың әкесі БАҚ арқылы апат куәгерлеріне жүгініп, хабарласуын өтінген еді.

Төрт жасар Мұхаммед табылғаннан кейін бірден балалар ауруханасына жеткізілді. Оың жағдайы өте ауыр деп бағаланған еді. Операция жасалды.

Полицейлер оқиға орнынан ізін жасырған жүргізушіні екі аптадан астам уақыт бойы іздеді. Сонымен қатар басқа да нұсқалар қарастырылды. Барлық факті мен бейнебақылау камераларынан алынған видеоларды зерделегеннен кейін, тергеушілер ешқандай жол апаты болмағанын анықтады.

1 тамыз күні Алматы ішкі істер департаменті осы іске қатысты видео таратты. Онда Мұхаммедің әкесі ұлын мазасын ала бергені үшін таспен ұрғанын, осы уақыт бойы полиция мен жұртшылықты әдейі жаңылыстырғанын мойындады.

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бөлісу7Твит5
Алдыңғы лауазым

Қазақстандық миллиардер Абрамовичтен 900 млн-ға не сатып алды?

Келесі лауазым

Қызылордада 13 жасар қызды зорлап өлтірген педофилдің отбасын ауылдан қуып шықты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.