Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Сары Алмаз ізбасары, «Ағайынды төртеу» мафиясы жетекшісіне қатысты сот үкімі шықты

Мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымның жетекшісі Еркін Ізбасардың мал-мүлкі тәркіленіп,12 жылға түрмеге қамалатын болды.

02.08.2018
0
Сары Алмаз ізбасары, «Ағайынды төртеу» мафиясы жетекшісіне қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде аты шулы «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының 26 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Осы топқа қолдау көрсеткен Ақтөбе ішкі істер департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімін тым қатал деп тапқан адвокаттар онымен келіспейтіндіктерін айтып, залда айғайға басты.

26 айыпталушының туыстары мен ондаған күзетшілер сот залына әрең сыйды. Үкім оқып жатқан судьяның сөзін қайта-қайта бөлген Еркін Ізбасарды судья сот залынан қуатынын айтып, әрең сабасына түсірді. Бұрын да екі рет істі болған оған бұл жолы 13 бап бойынша айып тағылған еді. Он айға созылған сот отырыстары барысында ол өз кінәсін мүлде мойындамаған.

«Ағайынды төртеу» деген лақап атпен елге әйгілі қылмыстық топ серкелері осыдан екі жыл бұрын арнайы операция арқылы ұсталған еді. Жат ағымның жетегінде жүрген олар бірнеше жыл бойы Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан. 26 адамнан тұратын қылмыстық топқа Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов қолдау көрсеткен. Бүгін ол да 5 жыл үш айға сотталып, полковник шенінен айырылды. Ал қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасардың анасы, әлбетте ұлының жазықсыз сотталып кеткеніне сенімді. Анасының баласын қандай болса да қорғайтыны мәлім ғой.

«Бұл Ақтөбенің спорты, 20 жыл болмаған спортты бірінші орынға көтерді. Олимпиадаға апарды. Шет елден адам әкелді. Сол ешкімге жақпай қалды», — деген Еркін Ізбасардың анасы баласына жала жабылғанын алға тартты.

Ұйымдасқан топтың бір мүшесі қылмыс жасау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты сот залынан босатылды. Қылмыстық топтағы қалған адамдар 3 жылдан 11 жылға дейін жаза арқалады. Мұнай ұрлығына қатысты атышулы іс мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Топтың басшысы Еркін Ізбасардың деп апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

Бөлісу21Твит13
Алдыңғы лауазым

Ақышев тағы қателесті: доллар бағамы 346 теңгеден 351 теңгеге бірақ көтерілді

Келесі лауазым

Қарағандыда топыраққа пышақ қадап кетушілерді жұрт жын-шайтанға теңеді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.