Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қоқыстан тамақ жейміз: Ақтөбелік отбасының жағдайы жұртты шошытты (фото)

Ақтөбеде қаладан бірнеше шақырым жердегі қоқыс полигонынан тамақтанып жүрген Света есімді келіншектің жағдайы халықты дүрліктірді. Ол пластикалық бөтелкелерді жинап, қоқыстағы шіріген тамақтарды жеп жүр екен.

02.08.2018
0
Қоқыстан тамақ жейміз: Ақтөбелік отбасының жағдайы жұртты шошытты (фото)

Светаның өзі Ақтөбеге Оралдан жұмыс іздеп келген. Отбасымен бірге пәтер жалдап жүр екен. Ақтөбеде тұрып жатқандарына 10 жыл  болыпты. Күйеуі жалдамалы жұмысшы болып істеген. Алайда жұмыс беруші жалақысын уақытылы төлемеген соң, осы жұмысқа келіп отыр.

Света да күйеуінен кейін бұл жұмысқа амалсыздан келген. Жолдасы бұл жерде бес жылдан аса жұмыс істейді екен. Ал келіншектің өзі бұл жердегі жұмысты 2 жыл бұрын бастаған екен. Ата-анасымен бірге баласы да жүр екен.

«30 келілік қапшықпен пластик бөтелкелер жинап, 25 теңгеден сатамыз. Олардың ақшасын ай соңында күйеуім, мен және балам үшеуміз қосылып, 28-30 мың теңгедей етіп аламыз. Күніге 4-5 қапшық бөтелке тапсырамыз. Онымыз 100-125 теңгедей болады. Ай соңында алатын ақшаның өзін 10-15 күнге кешіктіріп береді. Егер демалыссыз шықсаң 40 мың теңгеге дейін жалақы алуға болады»,-дейді Света Чекризова.

Светаның үлкен ұлы Ақтөбенің №40 мектебінде  9-сынып оқиды. Ал кішкентайы небәрі екі жаста. Өздері жұмыста болған кезде,бала күтіміне туыстары көмектеседі  екен.  Қастарына болса, қоқыс жинау үшін туысқанның баласын да ертіп алатын көрінеді.

«Енді қайын апам да жұмыссыз. Жолдасы қайтыс болған. Оның да тұрмысы қиын, төрт баласы бар. Оған көмек болсын, баласы киіміне ақша тапсын деп ілестеріп шығамын. Біз қоқыс алаңына таңғы сағат 5-те келеміз. Таңертең қапшықтарға бөтелкелерді жинап қойып, түсте тамақ тереміз. Сол кезде азық-түлік дүкендерінің қоқыс таситын көліктері келеді. Шіріген картоп, жуаларды теріп, үйден пісіріп жейміз»,-дейді келіншек.

Отбасы бөтелке жинаған қапшықтарын күзетіп, кеш батқанша оларды тиеп алып кететін машиналарды күтіп отырады.

«Бұл жерде бөтелке жинайтын адам саны 30-дан асады. Отбасы, бала-шағасымен жүргендер көп. Бәрі де тұрақты жұмыс таппай қоқыс теріп күн көріп жүр. Әрқайсысының тағдырлары әр түрлі. Кейбіреулер осында күрке жасап, үйден әкелген тамақтарын жейді. Біз де күнде осы қоқыстың ортасында отырып түскі ас ішеміз»,- дейді ол

Олар қаланың шетіндегі саяжайлардың бірінде пәтер жалдап тұрады. Ол Шанхай ауданында орналасқан екен. Алайда, ауыз суы да жоқ пәтерге жанұя айына 20 мың теңге төлеп жүр.

Света алғашында қоқыс иісінен тұншыққанын, ал қазір еті үйреніп кеткенін айтады.

«Нан жегің келсе жұмыс жасайсың. Қарны аш балаларыңды көргенде бәріне көнесің. Өмір сүру керек. Еңбек етсең жұмыс, табысыңды жинасаң ақша болады»,-дейді Света Чекризова.

Бір отбасындай болып кеткен қоқыс алаңындағылар әріптестердей араласады. Бір -бірінің үйіне қонаққа да барады екен. Отбасына көмек көрсетемін деушілер Света Чекризованың телефонына хабарласа алады.

8771 768 67 27-Света Чекризованың ұялы телефоны 
Бөлісу7Твит4
Алдыңғы лауазым

Танымал актриса кек қайтарған экс-жігітіне ашуланды

Келесі лауазым

"Қытайға қош келдіңіз": ШҚО-ға іс-сапармен барған қазақстандық телефонына келген хабарламадан шошып кетті(фото)

  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.