Пятница, 22 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматы облысында науқастар емделуі тиіс шипажайда шенеуніктердің балалары демалған

Шипажай мен балабақша меңгерушілері бұл былықты ұйымдасқан түрде, қолдан жасаған болуы әбден мүмкін

03.08.2018
0
Алматы облысында науқастар емделуі тиіс шипажайда шенеуніктердің балалары демалған

Алматы облысында туберкулезбен ауырған бүлдіршіндерге арналған балабақшадан шу шықты. Шипажай типіндегі мекемеге соңғы 2 жылда науқас балалардың орнына шенді-шекпендінің дені сау ұл-қызы қабылданып келіпті.

Оларға Талғар ауданындағы аурухана дәрігерінің жалған жолдама бергені анықталған. Бұл жағдайға балабақша меңгерушісінің де қатысы болуы мүмкін.

Талғардағы бұл балабақша бұрын өзі немесе жақыны туберкулезбен ауырған бүлдіршіндерге арналған. Яғни, олар мұнда тек тәрбиеленіп қана қоймай, денсаулықтарын оңалтады.

Алайда, дәл осындай балаларды ысырып қойып, мекемеге бірнеше жыл бойы дені сап-сау бүлдіршіндер қабылданыпты. Ерекше күтім жасалатын балабақшаға қызын 1 жыл бойы кіргізе алмай, әбігерге түскендердің бірі жүзін жасырған мына әйел.

Перзенті былтыр өкпе ауруынан емделіпті. Кейін жолдамаға ие болғанымен, санаторлық бөбекжайдағылар осы күнге дейін табалдырық аттатпапты.

Ата-аналардан есепсіз шағым түсіп, мәселеге прокурорлар араласқан. Сөйтсе, емге мұқтаж бүлдіршіндердің орнына мұнда шенеунік пен кәсіпкерлердің дені сау балалары қабылданған екен. Тіпті, олар мемлекеттік мекемені шипажайға айналдырып, тәуліктеп демалыпты.

“2017-2018 жылдар аралығында балабақшаға 114 бала қабылданған. Соның 92-сі заңсыз кіргілізгенін анықтадық. Яғни, олардың денсаулықтарында еш кінәрат жоқ. Демек, Талғар ауданындағы орталық аурухананың фтизиатр дәрігері  жалған жолдама берген”,-дейді Талғар ауданының прокуроры Бақұстар Қыдырбаев.

Яғни небәрі 22 жолдамаға ғана нағыз мұқтаж балаларға бұйырған. Бұл бассыздыққа балабақша меңгерушісінің де қатысы болуы бек мүмкін. Қазір дәрігер екеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алайда мемлекеттік мекеменің қызметкерлері бүлдіршіндерді тек жолдамамен қабылдаймыз деп, өздеріне шаң жуытпады.

“Ондай болуы мүмкін емес. Бізде тек қана, медициналық картамен қабылдайды, жолдамамен.”,-дейді «Айналайын» балабақшасының әдіскері Майра Жүнісова.

Бір анығы, осы шудан кейін санаторлық бөбекжайдың мейірбикесі жұмыстан қуылған. Жалған жолдама берген аурухана фтизиатры да қызметімен қош айтысты. Оның кінәсі дәлелденсе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мекеме меңгерушінің де қатысы бары расталса, ол 3 жыл жаза арқаламақ. Ал дымкәс бүлдіршіндердің жолдамасын ақша беріп жырып алған сау балалардың ата-аналарына қандай шара қолданылары әлі белгісіз.

Бөлісу3Твит2
Алдыңғы лауазым

Баян Алагөзова өзін "ұры" деп айыптаған режиссер Теменовке жауап берді

Келесі лауазым

35 жастағы ер адам 7 жасар қызға үйленіп, кейін оны аяусыз өлтіріп тастады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай екенін анықтайтын психологиялық тесттен өтіп көріңіз.

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен  сіз қай есікті таңдар едіңіз?

Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.

Комментарияға қай есікті жаза өтіңіз. Жауап Историяда.
Соңғы кезде қатыгездер көбейіп кетті ма қалай өзі?
Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір “You tube батырлары” бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?”, – деді Дикий Арман.

Дикий Арман сіз үшін батыр ма ?
Көпшіліктің қалауы орындал Көпшіліктің қалауы орындалды🙌🙌🙌
Бұл кісінің іскерлігіне кім қандай пікірде? Алдағы уақытта спорт пен мәдениет саласынан қандай өзгеріс күтесіз?
Біреулер туа бітті таңғаларлық дауысымен ерекшеленсе, енді бірі ешкімнің қолынан келмейтін суреттер салумен айрықшаланады. 

Ал сіз өз бойыңызда қандай қабілеттер барын ашқыңыз келсе, біз ұсынған тест көмектесуі мүмкін. Ешқандай логикаға салмай-ақ, жай ғана берілген төрт түйіннен бірін таңдаңыз.
Жауабын осы парақшадағы историядан қарай аласыз.
Қай нұсқаны таңдағаныңызды комментарияға жаза өтіңіз.❤

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.