Пятница, 22 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жүзден аса павлодарлық үйсіз қалды

Павлодарда бір мезетте тіркеуден шығып қалған тұрғындар шу шығарды

03.08.2018
0
Жүзден аса павлодарлық үйсіз қалды

Бұл жайлы КТК арнасының сайтында жазады.

Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғындары бір күнде тұрғылықты мекені жоқтардың қатарына қосылды. Шаһардың қақ ортасында жарты ғасырдан бері тұрып келе жатқан тұрғындардың барлығы да бір апта бұрын тұрақты тіркеуден шығып қалған.

Осылайша еш жерде тіркелмеген жұрт жиналып халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ондағылар қолымыздан келер қайыр жоқ деп, бар кінәні көші-қон қызметіне аудара салыпты. Көші-қондағылар болса қателік нысандарды сандық жүйеге көшіру кезінде кетті дейді.

Тұрғындар бір аптадан бері түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылдық дейді. Бұған заңды мекен-жайындағы тіркеуден аяқ астынан шығып қалғандары себеп. Мұндайға бұрын-соңды кезікпеген олар мән-жайды білу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Бірақ, ондағылар жағымды ештеңе айтпапты.

“Жүзден аса тұрғын бір сәтте тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамға айналып шыға келді. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар бұл жайтқа қатысты түк айта алмай, көш-қон полициясына баруға кеңес берді. Мен бұл үйде 36 жылдан бері тұрып келемін. Тіркеуден шығып қалғанымды естігенде шошып кеттім. Ал көш-қон полициясы қызметкерлерінің сөзіне сенсек, бұл жайтқа нысандарды сандық жүйеге көшіру кезінде орын алған техникалық ақау себеп болған. Сондықтан алдағы уақытта барлығын қайта тіркеуге тұрғызып, өз қателерін жуып-шаймақшы”, — дейді Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Жоландз.

“Техникалық ақауға байланысты дәл осы тұрғын үй шаһардағы ведомстволық мемлекеттік нысандардың қатарына еніп кеткен. Сол кезде үй тұрғындары заңды мекен-жайларынан шығып қалған. Қазір бұл мәселені шешу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Бірнеше күн ішінде тұрғындар қайта тіркеуге алынуы тиіс”, — деп түсіндірді Павлодар облыстық ІІД көш-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы Әсем Дүйсенбаева.

Осылай деген шенділер баспанасыз қаңғыбас кейпіне енген тұрғындарды сабасына түсірді. Бір қызығы, бұған дейін осы үйдегі пәтерде тіркеуде болған 6 жасар жеткіншек жақын маңда орналасқан коттеджге тіркеліп кетіпті. Мұны естіп білген ата-ана сандық жүйе бәрімізді сандалтып қойды деп ашынады.

Ал көші-қон полициясы басқармасындағылар әбден әбігерге түскен жұрттан кешірім сұрап, арқасынан қағып шығарып салды. Алайда тұрғындардың оған көңілі толған жоқ. Сондықтан олар өз жұмысын салғырт жасаған мамандар әр үйді аралап жүріп бәрімізден кешірім сұрасын дейді. Бірақ,  құзырлы орган өкілдерінің халық алдында иілуі екі талай.

Бөлісу3Твит2
Алдыңғы лауазым

Баласын көшеге тастап кетті: Теміртауда көкек ананы іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Келесі лауазым

Ол ешқашан ішпейді:Өз ұлын таспен ұрған әкесінің туысқандары болған жайтқа сенбейді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Керемет!Бірақ, мықты маманд Керемет!Бірақ, мықты мамандардың өзге елге қызмет етіп жатқанына қалай қарайсыз?

Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Джорджтаун университетінің түлегі, Әсел АҚШ президенті протоколында 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген.
Сіздің шынайы мінезіңіз қандай екенін анықтайтын психологиялық тесттен өтіп көріңіз.

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен  сіз қай есікті таңдар едіңіз?

Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.

Комментарияға қай есікті жаза өтіңіз. Жауап Историяда.
Соңғы кезде қатыгездер көбейіп кетті ма қалай өзі?
Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір “You tube батырлары” бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?”, – деді Дикий Арман.

Дикий Арман сіз үшін батыр ма ?
Көпшіліктің қалауы орындал Көпшіліктің қалауы орындалды🙌🙌🙌
Бұл кісінің іскерлігіне кім қандай пікірде? Алдағы уақытта спорт пен мәдениет саласынан қандай өзгеріс күтесіз?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.