2 тамыздан 3 тамызға қараған түні Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен кездесті.
Алматылықтар Нидерланды командасынан 1:2 есебімен жеңілді. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен «Қайрат» жарысты жалғастыратын болды, деп жазды prosports.kz.
Ойынның 28-ші минутында Бауыржан Исламхан есепті 11 метрліктен ашты. Алаң иелерінен Тил Гуус 41-ші минутта бұрыштамадан есепті теңестіріп кетті. Одан кейін Коомпейнерс пенальтиден гол соқты.
Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Чехияның «Сигма» командасымен кездеседі. Алғашқы матч 9 тамызда Оломоуцте, ал 16 тамызда Алматыда өтеді.