Әміржан Қосанов мырза өз инстаграм парақшасында Меруерт Түсіпбаевамен сурет жариялаған. Жаркентте Сайрагүл ісіне байланысты сот отырысында түсірілген фото екен.
Саясаткер өз постында: “Өткен жолы сотқа барып, Мира Тусупбаева секілді өнер жұлдызын көріп, кәдімгідей риза болып қалдым” – деп, жұлдыздың тек сотқа қатысып қана қоймай, журналистерге жақсы пікірлер айтқанын жазған.
Әміржан Қосанов жалпы осы жағдайға байланысты: “Жаркенттегі Сайрагүлдің соты қазақ үшін, әсіресе, зиялы қауым үшін бір қоғамдық тест, моральдық сынақ болып тұр”, – деп баға берген екен.
Сөз соңында әншімен кездейсоқ фотоға түскен саясаткер оған “жақсылап селфи жасайықшы” деп өтініш білдірген.