Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қамшының сабындай қысқа ғұмыр: қыршыннан кеткен бес қазақстандық спортшы

Денис Тенің орны толмас қазасы қазаққа біткен жарық жұлдыздарының қысқа ғұмырын еске түсіреді.

04.08.2018
0
Қамшының сабындай қысқа ғұмыр: қыршыннан кеткен бес қазақстандық спортшы

Sputnik.kz дерекқорынан.

Боксшы Бекзат Саттарханов
Қаза тапқан күні: 31.12.2000


2000 жылы Бекзат Олимпиада чемпионы атанды. Бұл боксшының ең бір жарқын жеңісі болатын, өйткені оның салмақ дәрежесінде мықты қарсыластар көп еді. Саттархановтың атағы жер жарды, алайда танымал спорт жұлдызы қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешті. Боксшы небәрі 20 жасында жол апатынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға Түркістан-Шымкент тас жолында болды. Бекзат айдап келе жатқан көлік бірнеше рет аударылып түскен. Салдарынан көптеген ауыр жарақат алған боксшы ажал құшты.

Баскетболшы Игорь Нанаев
Қаза тапқан күні: 10.10.2016


Қоғамды дүр сілкіндірген атышулы оқиғалардың бірі Петропавл қаласы “Барыс” баскетбол клубының ойыншысы 23 жастағы Игорь Нанаевтың кісі қолынан қаза табуы болды. Жігітті түнгі клуб маңында өлімші етіп сабап кеткен. Мас адамдармен кикілжіңнің арты төбелеске ұласып, баскетболшы аяусыз соққан жығылған еді. Игорь ауруханада көз жұмды. Кінәлілер табылып, 2017 жылдың сәуір айында сотталды.

Боксшы Ермек Серіков
Қаза тапқан күні: 11.09.2009


Серіков те небәрі жиырма жасында қыршынынан қиылды. Боксшы өз дарынын әлі ашып үлгермесе де, Азия чемпионаттарында алтын жүлдеге ие болып жүрді. Спортшыны “қазақтың Тайсоны” деп атайтын.
Ермек жанармай бекетінде Владимир Шепин деген адаммен жанжал салдарынан қаза тапқан. Кикілжің кезінде боксшы Шепинді жұдырықпен қойып қалғанда, әлгі адам аңшы мылтығын алып шығып, спортшыға оқ атады. Көп қан жоғалтқан Серіков бір күн өткен соң ауруханада көз жұмған. Шепин 2012 жылы жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бір жылдан кейін жүрек дерті салдарынан түрмеде қайтыс болды.
Велосипедші Андрей Кивилев
Қаза тапқан күні: 12.03.2003

Андрей Кивилевтің өлімі бүкіл шоссе велоспортына әсерін тигізді. Себебі бұрын таулы жерлерде күш-қуатын үнемдеу үшін велошабандоздарға киімі мен шлемін шешуге рұқсат беретін. Сондай жарыстардың бірінде Андрей екінші ведосипедшімен соқтығысып, асфальтқа баспен құлап, салдарынан ауыр жарақат алып, комаға түскен. Ол 29 жасында Сент-Этьен қаласындағы ауруханада жан тапсырды.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен
Қаза тапқан күні: 19.07.2018


Мәнерлеп сырғанаудан еңбек сіңірген спорт шебері. Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Алматы қаласы орталығында Денис Тен көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі қылмыскердің үстінен түседі. Төбелес кезінде Денис оң жамбасынан ауыр пышақ жарақатын алып, күре тамырына зақым келгендіктен, көп қан жоғалтқан. Денис Тен ауыр хәлде қалалық ауруханаға жеткізіліп, ек сағаттан соң көз жұмды. Спортшының жасы 25-те еді. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген күдікпен үш Қазақстан азаматы ұсталған, олардың екеуі кінәсін мойындады.

Бөлісу19Твит12
Алдыңғы лауазым

Жантүршігерлік жол апаты: Астанада Камаз бен жеңіл көлік соқтығысты

Келесі лауазым

Миражан! Жасай бер: белгілі саясаткер Меруерт Түсіпбаеваны селфи жасауға шақырды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барамыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.
2019 жылы әлемдегі ең үздік шахматшы атанған қазақстандық танымал шахматшы Nur Otan партиясы атынан сайлауға түсті

Nur Otan саяси партиясының Алматы филиалының саяси кеңес бюросы мәслихат депутаттарының тізімін бекітті. Енді оларды аймақтық сайлау комиссиясы тіркейді.
Кандидаттар арасында "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, бизнесмен Қайрат Құдайберген және танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік бар.
Әбдімәлік бұл тізімдегі ең жас кандидат. 2000 жылдың 12 қаңтарында туған ол жақында ғана 21 жасқа толды.

Жансая Әбдімәліктің жетістіктері

2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.
Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар.
Nur Otan Алматы филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ті, жастардың үлесі – 24%-ті құрады. Депутаттардың орташа жасы – 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), осылайша депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.