Мәскеу іргесіндегі Мытище қаласында болған байқаудың жеңімпазы атанған бойжеткен өзінің қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөліскен.
«Аллаһтың қалауымен Мəскеу қаласында өткен 8-Халықаралық «Пироговский рассвет» байқауының бас жүлдесін қанжығамызға байладық. Байқауға 40 шақты ел қатысуға өтініш білдіріп, ақтық сынға 11 мемлекет іріктеуден өтті. Бұл байқауда өзімнің авторлық туындым «Қазағымсың», жəне «Кукушка» əнін орындап шықтым! Халықтың ықыласы өте тамаша болды!», — деген Сая өзіне қолдау білдірген барша жанға алғысын білдірген.
Байқаудың талабы бойынша, конкурста қойылатын ең жоғары бал — 70 болса, отандасымыз Сая Махамбет соның 68 балл жинап, бас жүлдені иеленген.