Четверг, 18 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының ісіне қатысты жаңа деректер айтты

Қытай түрмесінде отырған қазақ қызы Ақжарқынның анасы жуырда инсульт алып қатты ауырып қалғанын жеткізді

07.08.2018
0
Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының ісіне қатысты жаңа деректер айтты

«Тұла бойы тұңғышымның есірткі бизнесімен айналысты дегені жалған айып, ана жүрегім алдамайды» деген Ақжарқынның анасы сары уайымға салынғанынан биыл инсульт алып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бірнеше ай ем қабылдаған ол бүгінде жағдайым жақсы, өзегімді өртейтіні перзентіме деген сағынышым дейді.

«Ақжарқын Қытайда ұсталғалы бері үш-ақ рет көрдім. Соңғы рет 2016 жылы сот отырысында кездестім. Одан бері 2,5 жыл өтті. Мен үшін бұл қандай ауыр екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Қорғаушыларының айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Жұмыс істеп жүр деді. Өзіне қажетті кітаптарды Қытайдағы қорғаушысы апарып беріп жүр. Бірақ саны шектеулі және тек ағылшын тілінде болуы керек», — деген Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова бірінші кезекте ата-әжесі үшін де алаңдап отырғанын жеткізді.

Өйткені Ақжарқын ата-әженің қолында тәрбиеленген. Оның Қытай елінде ұсталды дегенін естіген қариялар үшін бұл хабар қатты соққы болып тиген.

Ақжарқын Тұрлыбай істі болған соң ата-анасы үйлерін сатып, туыстарынан жылу жинаған. Кейін кредит алған. Бас-аяғы жиналған 10 мың АҚШ долларын Қытайдағы қос адвокаттың қызмет ақысы ретінде төлеген. Оның бірі ағылшын және орыс, екіншісі қытай тілін еркін меңгерген. Ал Қазақстандағы қорғаушы Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжарқынға ақысыз араша болып келеді.

«Қытайдағы екі қорғаушының қызмет ақысының бір миллион теңгесі қалған. Оны наурыз айында беруім керек еді. Өзім «Қызмет ақысын әлі күнге дейін төлемеген соң, жұмыс істемей жатыр ма екен?» деп ойланып отырмын. Бір миллион теңге біз үшін оңай ақша емес. Өзім екі жерде жұмыс істеймін, тапқан табысым кредитім (Ақжарқын ұсталған кезде қорғаушы ақысын төлеу үшін алынған – автор) мен күнделікті ас-ауқаттан артылмайды. Ақжарқыннан өзге де перзенттерім бар ғой» , — деп мұңын шаққан ана қаржының жоқтығы қолды байлап отырғанын айтты.

Тіпті Қытай еліне бармақ түгілі, виза жасатудың өзіне ақша таппай отыр екен. СІМ жасап берген виза мерзімі өтіп кетіпті.

Еске сала кетсек, жуырда ғана Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов Қытай еліне барып қайтты.

«Шілденің 17-20 аралығынды Қытайда болдым. Жұмысым Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты. Қазір не болып жатыр? Сот шешімі жария ету сатысында тұр. Сот (жаңа құрам) кеңес беру бөлмесіне кетті. Ақжарқынның жағдайы бұрынғыдай қанағаттанарлық деңгейде”, – деп жазды адвокат желідегі парақшасында.

Бөлісу18Твит12
Алдыңғы лауазым

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы грантқа ілігіп, тегін оқитын болды

Келесі лауазым

Абай ауылында зорланған 7 жасар бала ісіне қатысты күдіктілер босатылды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.