Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Білім министрлігі 25 бал жинаған талапкердің қалай грант алғанын түсіндірді

Биыл 53 мыңнан астам талапкер мемлекет есебінен тегін оқытылмақ. Үкімет өткен жылмен салыстырғанда 20 мың орын артық бөліп отыр.

06.08.2018
0
Білім министрлігі 25 бал жинаған талапкердің қалай грант алғанын түсіндірді

КТК арнасы мәліметтеріне сәйкес.

Бүгін білім гранттары иегерелерінің тізімі жарияланды. Бұл жолы да  техникалық мамандықтарға басымдылық берілген. Бір қызығы   25 баллмен де грантқа түскендер бар.
Жалпы, биыл елімізде  98 мыңнан астам   түлек   ҰБТ тапсырған. Оның 14 мыңнана астамы ең төменгі  70 баллға да жетпей қалды.  Ал ең жоғарғы 140 баллды  жалғыз талапкер  жинады. Ол Алматыда тұрады.  Бір қызығы,  бұл жолы 25 баллмен де грантқа ие болғандар бар. Олар  —  колледжді тәмамдаған этникалық қазақтар.

«Басқа түлектер ҰБТ тапсырғанда 140 балл болса, соның шекті баллы  — 50 бал. Бұл түлектер 70 балға жауап береді, өйткені, екі ғана пәнді таңдайды. Соның шекті баллы — 25 балл. Біраз гранттардың санын колледжден  кейінгі түлектерге бердік. Оларға көп сұраныс болмады. Сондықтан төмен баллмен өтіп кетіп жатты», — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым вицеминистрі.

Яғни, биыл Үкімет шеттегі қандастарымызға  да квотаны  көбейтіп,  шетелдегі қазақтарға қолдау көрсетіп отыр.  25,26 баллмен грантқа түскен талапкерлер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия мен Еуропа елдерінің азаматтары екен.  Енді «Алтын белгі» иегерлеріне келсек.  Мектеп бітірген  6780 түлек  алтындарын толық қорғап шыққан. Олардың барлығы бірдей грантқа ие бола ма? Ол жағы  түлектердің таңдаған мамандығына  байланысты екен.

«Биыл түлектерге бірден ескерттік. «Алтын белгі» алғанның бәрі бірдей мемлекет есебінен тегін оқиды деген сөз емес. Жаңа заң бойынша, кез-келген талапкердің ҰБТ-да жиған баллы есепке алынады. Ал екі үміткердің  баллы бірдей болып қалған жағдайда  «Алтын белгі» иегеріне  жеңілдік жасалады» , — деп жалғастырды сөзін министр.

Былтыр дәл осы «Алтын белгі» иегелеріне қатысты шу шыққан еді. Білім министрлігі парламент әлі қабылдамаған заң жобасына сүйеніп, ҰБТ-ның қорытындысына қатысты екі бұйрық шығарып, ата-ана мен талапкерлерді әбден шатастырды. Шенеуніктер алдымен гранттарды «Алтын белгі» иелеріне берсе, кейін жоғары балл жинаса да далада қалғандарды қайта тізімге қосты. Ал биылғы  53 мыңнан астам гранттың басым бөлігі техникалық мамандықтарға бөлінген. Ұстаздар, дәрігерлер  мен ауыл шаруашылығы мамандары да басты назарда.

«Үкімет биыл  өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік грантты 20 мыңға көп бөлген. Дегенмен, грант дауы тағы қайталануы әбден мүмкін дейді  Білім министрлігіндегілер. Себебі, заңгер,  қаржыгер, дәрігерлерлікке конкурс  өте  жоғары болған. Дәл осы мамандықтарға құжат тапсырғандар да көп. Яғни, талай талапкер жоғары балмен грантқа түспей қалуы ғажап емес. Ал мемлекеттік гранттардың тізімі қайта қаралмайды».

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Шымкент әкімі тұрмысы төмен әйелдерге көмектеспекші

Келесі лауазым

Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бағыт алған автобус өртеніп кетті

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.