КТК арнасының мәліметтеріне сәйкес.
Олар жалма-жан автобустың жүксалғышындағы заттарын да алып үлгеріпті. Дегенмен кейбірінің, салонда қалған құжаттары мен ақшалары күлге айналды.
Тілсіз жауды жергілікті өрт сөндірушілер де ауыздықтай алмаған. Ресейлік «Неоплан» маркалы автобус алыс жолға шықпас бұрын Семейде толық тексерістен өткізілген екен.
Сондықтан оның отқа орануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір көрші елдің құзырлы органдары апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр.