Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Блогер Тұрсынбаева сөз құдіреті туралы: Аузыңнан шыққан сөз алдыңа келеді

Айнұр Тұрсынбаева Денис Теннің қазасын мысалға келтіріп, сөздің киесі барын ұмытпау керек екенін айтты.

07.08.2018
0
Блогер Тұрсынбаева сөз құдіреті туралы: Аузыңнан шыққан сөз алдыңа келеді

Денис Теннің жақында жарияланған сұхбатында спортшының «25-ке дейін спортта болатын шығармын» деген жауабы біраз адамдарды таң қалдырған болатын. Дүйім жұрттың ойы бір арнаға түскендей. Әйгілі спортшы бар болғаны сол айтқан 25-ін жасады. Өкінішті-ақ. Осы төңірегінде Айнұр Тұрсынбаева да өз ойын білдірді.

«Сөздің киесі бар.. Кешегі қыршынынан қиылған Денис Теннен «спортта қай жасқа дейін жүресің» деп сұрағанда, «25 жасқа дейін» деп жауап берген…Оразалы Домбосынов деген алапат ақын досым көбінесе сөзді: «Атым Оразалы болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжырықпын, Шарғынмын» деп бастайтын… Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді.. Кейін Оралдан Асылбек Исщанов деген ақын бала шықты.. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында: «бір күнде бес ақынмен,
Айтысып бәрін жеңетін,
Оразалының жолын бер» деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты.. Атақты Жәнібек Кәрменовтың керемет термесі бар, сол терменің ішінде «Жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың» деген жолдар бар.. Сол Жәнібек ағамыздын жолға жалғыз щығып кетіп жүрегі тоқтап қалып, жол апатына ұшырап қайтыс болғанын біреу біліп, біреу білмес…», — деп, тылсым оқиғалар тізбегін жалғастырды.

Келесі бір сөзінде Айнұр ақиық ақын Мұқағалидің абайсыз айтқан сөзін мысалға келтірді.

«Атақты Мұқағалидың да: «Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде, Қырықтың бесеуінде» деген өлеңі бар.. Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді..», — деді блогер.

Сонымен қатар, Айнұр ханым өзінің өмірінен де бір оқиғаны әңгімелеп берді.

«Менің Мейрамгүл деген актриса құрбым бар еді.. Бір күні үйге келіп екеуміз шәй ішіп отырдық.. Содан ол өзінің бір құрбысы туралы әңгіме бастап кетті.. «Жақсы әнші еді, Алматыдан келе жатып тура Балқаштың қасында авария болып қайтыс болды, машинасының артындағы бір банкасы да сынбаған екен» деп таң қалып отырды.. Кейін тағы бір көргенімде өзінен-өзі: «Айнұр, сол Балқаштың маңайында авария көп болады екен ғой иә» деп тағы қоймады.. Соңғы рет көргенімде «Алматыға көлікпен кетіп баратын болдық, Балқаштың жанынан байқап өту керек» деп тағы қайталады.. Сол құрбым тура сол құрбысы қайтыс болған жерде жол апатынан бала-шағасымен қайтыс болып кетті».

Сөз соңында: «Біз көбінесе сөзге мән бермей жатамыз.. Әсіресе ашулансақ, балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз.. «Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың, енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмпйсың» деген сияқты артық сөздерді айтып жібереміз.. Исламда «жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме» деген xадис бар… Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік… Сонда бәрі де жақсы болады..!», — деп, «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледінің» ісін істемей, сөз құдіретіне аса назар аударуға шақырды.

Дереккөз: «Сөз киесі бар» Айнұр Тұрсынбаева

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Майғазиев Түсіпбаеваға қалай ғашық болып қалғанын әңгімелеп берді

Келесі лауазым

Назарбаев Қытайдан келе алмай жатқан қандастарымыздың мәселесін шешуді тапсырды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.