Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Мама, мен жазыламын ба?: Алты жасында қартайып кеткен бүлдіршіннің сөздері елді жылатты

Қазақстандық 6 жасар Ернар Әлібеков сусымалы тері синдромына шалдыққан. Баласының қазіргі жағдайы мен болашақтағы жоспары туралы анасы айтып берді.

07.08.2018
0
«Мама, мен жазыламын ба?:  Алты жасында қартайып кеткен бүлдіршіннің сөздері елді жылатты

Ернар қазір небәрі алты жасында ғана болғанымен, өзінің ерік-жігері мен күшімен қатты ерекшеленеді. Әлі емі табылмаған ауруға шалдыққан баланың анасы оның  алғыр екенін айтады.

Ол өзін-өзі жақсы ұстап, сезімі мен ойын көп сыртқа шығармайтын көрінеді. Тіпті, анасының «Мені жақсы көресің бе?» деген сұрағына «мүмкін» деп қана жауап қайтарады екен.

«Ернар өзінің ерекшелігін түсінеді. Диагнозын да жатқа біледі. «Мама, мен жазыламын ба» деп сұрайды. Ешқашан үмітіңді үзбе деймін», — дейді анасы.

Зебвинса ұлының тері астындағы коллагендері мен иілгіштері бұзылғанын айтады. Тіпті, ол климат ауыстырғанда қатты әлсіреп қалады екен.

Ернардың ағзасы кез келген вирусты жылдам жұқтырады. Сондай-ақ, сәбидің күніге бірнеше рет демікпесі ұстайтын көрінеді.

Қазір Ернардың кірпіктері ішке өсіп жатыр екен. Ата-анасы оған ота жасауды жоспарлап отыр.

Анасының айтуынша, аулада Ернарды бәрі біледі, ешкім оны бөліп жармайды. Ол өзінің ерекше екенін басқа жаққа шыққанда ғана қатты байқайтын көрінеді.

Зебвинсаның сөзінше, баласы білімге құштар. Тіпті, ұйықтар алдында анасынан ауыр энциклопедия оқып беруін сұрайды екен.

Ернар болашақта профессор болуды армандайды.

«Оның арманы көп. Бір білетіні — профессор болу. Екінші мамандығы күнде өзгереді. Бірде аспаз боламын десе, кейде қорықтың күзетшісі болғысы келеді» , — дейді Зебвинса.

Қазір Ернарға анасы күтім жасап отыр. Таңертеңнен ингаляция жасап, түрлі гармондық дәрілер қабылдатады екен.

Зебвинса барлығы жақсы боларына сенетінін айтады. Ол ұлы үшін әрдайым мықты болуға тырысамын дейді.

 

Бөлісу18Твит11
Алдыңғы лауазым

Түсірсін "коровасын" онда шаруамыз шамалы: белгілі журналист Баян Алагөзованың "Тағдыр бекеті" фильміне наразылығын білдірді

Келесі лауазым

Әнші Альбинаға үйленген актердің бірінші келіншегі онымен не себепті ажырасқанын айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.