Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан жерінен бесінші «Алтын адам» табылып отыр.
«Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды», – дейді археолог.
Қазба жұмыстарына жетекшілік етіп, құнды жәдігерді тапқан академик Зейнолла Самашевтың айтунша, «Алтын адамың» еш жері бүлінбей, барлық алтындары сол күйінде сақталған көрінеді.
Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. «Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек» – дейді ғалым.