Оқиға Павлодар қаласындағы Толстой көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінде болған.
Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға орын алған кезде ата-анасы үйде болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болса оқиғаның мән-жайын былай түсіндіреді:
“Терезеден 2014 жылы туған бала құлап түсті. Оқиға орнына жеткен № 2 жедел-құтқару станциясының мамандары баланың көз жұмғанын тіркеді. Өздеріңіз түсінгендей, осындай биіктіктен құлап аман қалу екіталай”, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып, құзырлы органдар баланың ата-анасына тиісті шаралар қолданып жатыр.