Мейрамбек Беспаев, Ерке Есмахан, Марат Оралғазин, Нұрлан Қоянбаев, Жәния Джуринская, Нұрлан Еспанов, Луина, Гүлнәз Жоланова сынды отандық шоу-бизнес өкіолері елордада бас қосты.
Олар ұлттық футбол федерациясының ресми жиынына келген екен. Келгенде де жай кетпей, ән салып тағы да желіні шулатты. желі қолданушылардың дені жұлдыздардың көңілді отырысы барысында әндеткеніне тәнті болып, өз ризашылығын білдіріп жатты. Ал кейбір оқырмандар болса әртістерді сынға алды.
Өкінішке орай, жұлдыздардың футбол тамашалауға барғаны сәтсіз аяқталды. «Астана» клубы 0:2 есебімен хорватиялық командадан ұтылыс тапты.
Айта кетейік, күні кеше ұшақ бортын басына көшірген жұлдыздар желіде сынға ұшыраған болатын. Көпшілік олардың ішімдікке масайып қалғанын болжады.