Қостанайда жаңа тұрғызылған үйдің тұрғындары шу шығарып жатыр. Айтуларынша, «Юбилейный» шағына уданында орналасқан № 27 үй ортасынан қақ бөлінді. Ал құрылысшылар болса, мұның себебін жерасты суымен байланыстырады екен.
“Сөгілген қабырғаларға жарық белгілері орнатылды. Техникалық зерттеулер жүргізу үшін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамынан мамандар шақыртылды. Содан соң шешім шығады”, – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Алмат Досымхан.
Аталған тұрғын үйдің мердігері «Алматы құрылыс» ЖШС мамандарының айтуынша, тұрғын үйді қайта қалпына келтіру үшін 70 млн теңге көлемінде қаражат қажет.