Жас жұбайлар той болатын күні күндізгі серуенге кететін шығынның орнына қайырымдылықпен айналысуды жөн көріпті.Олар сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады.
«Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық», — дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.