Вторник, 19 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Психологтар “91” тобы жұқпалы әрі қауіпті дерт жұқтырушылар екенін ескертіп дабыл қақты

Қазіргі жастардың барлығы кәрістерге еліктеп жүр. Психологтар мұндай жаппай фанатизмнің қаупі жоғары деп дабыл қағуда.

09.08.2018
0
Психологтар “91” тобы жұқпалы әрі қауіпті дерт жұқтырушылар екенін ескертіп дабыл қақты

Еліміздің жастары – жаппай кәріс жұлдыздарына ұқсағысы келеді. Ғасырлар бойы жалғасқан тұлғаны «үлгі тұту» түсінігі осылайша, арзанқол дүниелерге ойысып барады. Ал керісінше, ата-ана мен ұстазға не ірі тұлғаға еліктеу жағы қалыс қалып барады. Психолотар осылай деп дабыл қағады. Уыздай жасөспірімдердің мұндай еліктеулерінен қоғамға төнер қаупі де жоғары дейді.

Мәселен, “Таптаурынды бұзып, шекарадан асып кеткен” 91 тобы – бұл еліктеудің алғашқы өкілдері. Бүгінгі жастардың идеал көретін тұлғаларының бірі. Оған еліктейтін жеткіншектер қатары жетерлік. Олар тіпті «ИГЛЗ» деп аталатын фанаттар армиясын құрып алған. Оның құрамындағы көп жастардың бірі – Толғанай. Айтуынша, 91 тобының әні мен әрекеттерінде ешқандай сөкеттік жоқ. Бұл – заман талабы деседі.

«Кейбір адамдар қолдамай жатады. Шаштарын бояп, боянып деген сияқты. Бірақ ер балалардың шашын бояп, беттерін әрлегеннен қызға айналмайды деп ойлаймын. Ол – ерекшелікті білдіреді. Мысалы, қазақстандық жұлдыздар бәрі бірдей болса, ол бізді жалықтырып жіберетін еді. Сондықтан сондай стильдерін осылай өзгеруі ол біздің назарымызды аудартады»,- дейді Толғанай.

Біріңғай қыз балалардан құралған 7 мунс тобы да кью-поп стилін дамытып жүргендердің бірі. Кәрістің әндерін қазақ тіліне аударып жүрген топ мүшелерінің жаңашылдыққа жаны құмар. Сөздеріне сенсек, көптің алдына бұлай шығуына бірінші кезекті ата-аналары қолдау білдірген екен.

«Қарсы болған жоқ. Бірақ менің әжем 91-ді көрген кезде әжем осы балдар қазақ тілін көтереді деп айтқан болатын. Содан кейін мен одан сайын шабыттанып кеттім.Ол ең бірінші патриоттық сезімге әкеледі. Себебі қазақ тілін көтеруге себеп болады. Себебі қазақ тілі қазір төменгі деңгейде»,- дейді қыздар.

Осылайша, мұндай жастар өздерін «дарамыз» десе, аға буын өкілдері мұнымен келіспейді. Әрі еліктеушіліктің – бос уақыттан туатындығын айтады. Егер жасөспірім жан-жақты даму үстінде болса, мұның бірі де болмас еді, – дейді.

«Ата-анасы тастап кетеді. Жұмысқа кетіп қалады балаларының не істеп жатқанын білмейді ақырында. Шет мемлекетке елігіп, ақырында шаштарын бояу, қызтеке болу, шаштарына сырға салу, мұрнына сырға салу енді бәрін айтуға қандай адамдардың қатарына қосу керек екенін де білмеймін. Өткенде бір телевизордан айтылып жатыр. Әр адамның өз еркі ғой деп. Онда біздің жас балаларымыз жүрсін сөйтіп, шаш бояп, сырға салып, адами, еркектік қасиетін жоғалтатын болсақ, онда қай жаққа барамыз біз?!»

Ал психологтар бұған «өтпелі кезең» ретінде қарайды. Бұл – жаңашылдық емес. Еліктеушілік қашан да болған, әрі бола береді. Қазір кәрістерге ұқсағысы келетін толқынның да көп ұзамай буы басылады, деседі.

«Қазіргі маған келетін балалардың жас шамасы 15-19 жас. Көбіне олардың еліктейтіндері корей жас әншілері. Және де қазір байқасаңыз, сол жастағы қыздардың барлығы соларға қатты ұқсайды. Бір индивид қарайтын бір қызды таба алмайсыз. Жасөспірім қызды. Жалпы бұл жерде ананың рөлі мықты болу керек те, егер анасы тура сол, идеал тұлға ретінде еліктеушілігі жоқ, нағыз индивидуалды тұлға ретінде болса, ол бала да сондай болады. Ата-ана ол көбіне – айна, ал айнадағы образды қайталайтын ол – бала».

Қалай десек те, бүгінде үлгі етіп, өнеге тұту тәрізді қасиетті ұғымның орнын «еліктеу» сөзі басып алған. Мамандар бұл ретте, біреуге ұқсағысы келгеннен гөрі өзінің қайталанбас дара жолын табуға кеңес береді. Әйтпесе, фанатизмнің құрбаны болып кетудің қаупі бар.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Балалар үйіне тарту жасады: Ақтөбелік жас жұбайлар елді сүйсінтті

Келесі лауазым

Сотқа берген Анджелина Джолиге Брэд Питт жауап берді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Адвокат Еркін Кахаровтың айтуынша, әжейдің есімі – Алтынкүл. Ол туған қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеп, жарақат алыпты. 
Туыстарының айтуынша, жәбірленуші әйел өмір бойы жұмыс істеген, ешқашан той-томалақ пен демалыс орындарына бармаған, балаларын асырау үшін тер төккен, оларды ұрмаған, тіпті оларға ұрыспаған. 
Алайда, қыздары есейіп, туған анасына қол көтере бастапты. Бұған отбасы бөлісе алмаған өгей әкелерінің үйі себеп болған. 
Адвокат барлығы 2018 жылы басталғанын атап өтті. Әжей өзінің кіші қызына өмірден өткен күйеуімен бірге салған үйді берген. Алайда қыздың анасы онымен бірге тұратынын айтып, шарт қойған. 
Жазатайым оқиға салдарынан, тұрғын үйді қызының атына рәсімдегеннен кейін 10 күн өткен соң, кіші қызы қайтыс болады. Мүлік күйеуіне және екі баласына мұраға қалады. 
Адвокат заң бойынша үйдің 1/8 бөлігі бірінші кезеңнің мұрагері ретінде Алтынкүлге тиесілі деп жазады. Әйелі қайтыс болғаннан кейін 40 күн өткенде, күйеу баласы енесінен үйден кетуін сұраған, бірақ әжей баратын жері жоқ екенін айтыпты. 
Содан соң олар өзара соттасқан. Кейуана барлық жинап-терген ақшасын адвокаттарға жұмсаған. Қарияның айтуынша, шамамен 1,8 миллион теңге құртқан, бірақ сотта жеңілген. 
Жағдай одан да нашарлай түскен, деп атап өтті адвокат. Кіші қызының күйеуі одақтас ретінде өгей әкесінен қалған үйден өз үлесін алғысы келетін қалған екі қызды қосып алады. 
"Сондықтан олар есеп айырысуға келіп, өз аналарын ұрып тастаған", – дейді Еркін Кахаров
Кахаров полицияға арыз жазылғанын түсіндірді. Әжейдің өзіне қол жұмсағысы келгені, бірақ кездейсоқ жағдайдың арқасында аман қалғаны белгілі болды. 
Енді Еркін Кахаров қарт ананың мүдделерін ақысыз қорғауды өз мойнына алды.
Алтынкүлдің сол қолы екі жерден сынған, денесінің бірнеше жері көгерген. Осы арада туындаған жағдайға қатысты Шымкент полиция басқармасы түсініктеме берді
"Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 1950 жылы туған жергілікті тұрғынды туыстары ұрып-соққаны туралы арызына сәйкес, қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады - деді ведомствода
Балалар үйінің түлегі Бекебаев Самат жаңа заң әр отбасының берекесін қашырып  елдің тұтастығына үлкен қауіп екенін ескертеді.

Қазақстанның болашағы жетімге тола болады. Балалар үйінің түлегі жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білдірді. 

Бекебаев Самат:  айта кетейін бізде жетімдер саны өте көп, және оны азайту мүмкін болмай жатыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан көрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Жеке басым мені бір емес бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген. Алайда балалар үйінің басшылары немесе Шымкенттік басқарма басшылары апта сайын ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып тексеру жүргізеді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болады. Ал оған себеп мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлектері бар. Көбісін бір емес бірнеше отбасы асырап қайта балалар үйіне әкелген. Болашағымыз жетім мен қарттар үйі тола болады. Қысқасы Ұлдарымызды Америка ға немесе шетелге емес, немесе балалар үйі мен түрлі жетімдер үйінде емес тек өз ата анасымен қалуды бұйырсын.
Ән қалай? Халықтың мұңы ма? Ән қалай? Халықтың мұңы ма?
Бұл ақынның ұсынысына не де Бұл ақынның ұсынысына не дейсіздер?
Оқушы мұғалімді састырды Оқушы мұғалімді састырды
Масқара! Жаңа заңды еңгізбе Масқара! Жаңа заңды еңгізбей жатып балаларды тартып алуда ма? 😡😡😡😡🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
 Бұл сұмдықты тоқтатуды сұраймыз. Қолдасаңыз пікір жазып, қолдау көрсетіңіз.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.