Бойжеткеннің сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты.
Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Алайда кейін бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықталды.
Сөйтсе арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойған екен.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қылмыстық кодекстің 419 бабы 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.