Әлеуметтік желіде тараған видео желі қолданушылардың қызу талқысына түсті. Бұл туралы 31 арна жазды.
Ақтауда тәуекелді жақсы көретін әжей тұрады. Галина Гизатуллина өзінің 70 жылдық мерейтойын ерекше атап өтті. Қызығы, бұл кейуананың әуеге алғаш көтерілуі емес. Парапланмен аспанға осыдан бір жыл бұрын да ұшыпты.
Сол себепті тәжірибесі мол, кәріліктен қорықпайтын зейнеткер бұл экстремалды сапарына да алаңдамапты. Есесіне бір жылдан кейін дельтапланмен ұшамын деп жоспарлап отыр.