Елордалық ару ірі қазақстандық банкте менеджер болып жұмыс істейді екен. Халықаралық байқауға қатысушы қыздың жетістіктері де аз емес. Өткен жылы бойжеткен «Кеңсе аруы — 2017» байқауының жартылай финалисі атанған. Одан бөлек «Әлемдегі ең сұлу күлкі иесі — 2017» халықаралық байқауының финалына өткен.
Финалдың кезекті бөліміне Ресейдің, Белоруссияның, Латвияның, Өзбекстанның алты аруы өтті. Өткендер арасында Айгерім де бар.

