27 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны іші ауырған соң ауыр жағдайда ауруханаға түседі. Одан соң, ақ халаттылар оған қажетті сараптама алу үшін әжетханаға баруын сұрайды.
Алайда, әйел әжетханадан шыққаннан кейін іс-түссіз жоғалып кетті. Ал кейін баланы тапқан куәгерлер болса, ондағы қоқыс шелегінің ішінен сәби табылғанын айтты. Дәрігерлер нәрестенің өмірін құтқарып қалды.
Аталмыш факті бойынша тексеру жұмыстары жүруде. Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.