Среда, 20 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда әкесінің мәйітін шығармақ болған азаматтың өзі лифт шахтасына құлап кетті

Кабинада сол сәтте төрт ағайынды мен марқұм әкелерінің мәйіті болған.

13.08.2018
0
Алматыда әкесінің мәйітін шығармақ болған азаматтың өзі лифт шахтасына құлап кетті

Алматыда 34 жастағы азамат 5 ші қабаттағы лифттен шахтаға құлап түскен. Төртінші мен бесінші қабаттың ортасында істен шыққан лифттен олар өз еріктерімен шығуға талпынған.

Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Бірақ, ең соңғы қалған Ринат Тоғжановтың аяғы тайып кетіп төмен құлдилаған. Жансақтау бөлімінен шыққан ол болған жайды өз аузымен баяндады. Ал тұрғын үйдегі жеделсатыға жауапты «Алматы лифт» мекемесінің басшылығы әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады.

Еденде жайылған, әлі шайылмаған қою қан сол күннің қорқынышты жайтын еске салып тұр. Бір жанның өмірін жалмай жаздаған лифттің есігі ағашпен оқшауланған.

Әкесін жерлеуге Қарағандыдан келген Ринат Тоғжановтың өзі де асқар тауының артынан о дүниеге аттана жаздап, аман қалды.

“Туысымыз бірінші түсіп кетті.  Сосын әкемнің мәйітін қабылдап алды. Сосын ағам түсті. Мен түсіп бара жатқан кезде аяғым тайып кетті. Ар жақта лифт жоқ. Содан түсіп кеттім. Ары қарай не болғанын білмеймін.”- дейді науқастың туысы Ринат Тоғжанов.

Қабырғалары сынып, беті тілініп , көк бауыры жыртылған жігіттің көрер жарығы бар екен. Өлім мен өмірдің жолайрығында тұрған азаматты ақ халаттылар ажал тырнағынан арашалап қала алды. Бірақ, толық қалпына келу үшін әлі операция жасалады.

“Науқас жан сақтау бөлімінен үш күннен кейін ауыстырылды. Қалыпты жағдайда, орташа ауырлықта. Енді сынған сүйектерінің отасына  дайындалып жатыр. Жеті-он күндей жатады. Жағдайы бірқалыпты, жақсы болғанда шығарамыз.”- дейді травматолог Арман Байболов.

Ақбұлақ ықшамауданындағы көп қабатты бұл үйдің лифтісіндегі ақау айтыла-айтыла жауыр болған тақырып. Тұрғындар жауапты мекеменің жауапсыздығынан осындай жағдай жиілемей ме деп өкпелері қара қазандай.

“Жаман жағдайлар болып жатыр осы лифтке байланысты. Өкінішке орай,  лифт үнемі істемейді. Біз лифт жөндейтін адамдарға үнемі звандаймыз. Бірақ осындай жағдайға жеткеніміздің өзі біздің енді қаншалықты нашар халде өмір сүріп жатқанымыздың белгісі деп ойлаймын.”- дейді Алматы қаласының тұрғыны  Римма Ескендір.

Апат болған күннен бері лифттің есігі тарс жабық. Істемейді. Осыған дейін де бірнеше рет істен шығып тұрғындарды мезі еткен. Тоғыз қабатты үйдің тұрғындары амалдың жоқтығынан жаяу көтеріліп-шығуға мәжбүр.

Жүк тасығандардан жүкті әйелдерге дейін жедел сатының қорлығы өткен. Жоғарыға көтерілем дегенше демігіп, ақ тер, көк терге түседі. Ал «Алматылифт» мекемесі дым болмағандай үнсіз жатыр. Жұмыс орындарында жауапты жан баласы жоқ.

«Кешікпей келер» деген басшылықты күткенмен, ешкім бой көрсетпеді. Ринат Тоғжановтың жақындары  өмірге қауіп төндіріп, зақым келтірген жедел сатыға жауапты «Алматылифт» мекемесін сотқа бермек. Ал ақауы бар лифтіден ажал құшқан ақтөбелік тележүргізуші мен Атыраудағы екі бірдей жасөспірімнің қазасы әлі ешкімге сабақ болмағандай.

 

Бөлісу4Твит2
Алдыңғы лауазым

Отандық әнші сәбидің тұсауын кескені үшін өзіне көлік мінгізгенін айтып мақтанды (видео)

Келесі лауазым

Алматыда жүз шақты талапкер білім грантына іліге алмай наразылығын білдірді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Сіз шұжық тұтынасыз ба? @Kyn.kz Сіз шұжық тұтынасыз ба? @Kyn.kz оқырманы сатып алған шұжықтан құстың жүні шыққанын айтып, суретін жіберді. Бірақ бұл шұжықтың сыртына тек сиыр етінен жасалғаны жазылған.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электронды паспорты әзірленгенін айтты.

"Вакцина салдырғаны туралы мәлімет министрліктің орталықтандырылған ақпарат жүйесіне электронды форматта енгізіледі. Мәліметті пациент және медицина қызметкері m-gov қосымшасына өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі", - деді Цой Үкімет отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын ескерткен еді.
Көріпкел министр тағы болжам жасады
Қазақстандық QazСovid-in вакцин Қазақстандық QazСovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болса 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру көзделген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі хабарлады.
⠀
Қатысушының айтуынша, еріктілерге жарты миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төленетіні айтылған. Сертификатқа сәйкес, сынақ субъектісінде вакцинация салдарғаннан I, II, III топтағы мүгедектік немесе өлім жағдайы тіркелсе төлемақы беріледі. Сақтандыру 180 күнге (6 ай) жарамды.
⠀
Бұған дейін клиникалық сынаққа қатысқандарға 200 мың теңге көлемінде сыйақы төленетіні уәде етілген. Алайда, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ескерсе, түпкілікті сома шамамен 160 мың теңге.
⠀
QazСovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеу III кезеңнен тұрады және оған 3 мың адам қатысады. Еріктілер Алматы мен Тараз қалаларында қабылданды.
⠀
Вакцина салудың екі кезеңі бар: бірінші дозаны 1-күні, екінші дозаны – 21-күні салады.
⠀
QazСovid-in инактивтендірілген вакцинасын әзірлеумен биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өткен жылдың наурыз айының соңынан бастап айналысады. Тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне ресми түрде енгізгені белгілі болды. Қазір клиникалық сынақтың III кезеңі өтіп жатыр.
Танымал актриса Бибігүл Ақтан Мәскеуге кетіп қалды. Ол не үшін қайтадан Ресейге көшіп кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Білесіз бе, Мәскеуге оралуға мәжбүр болдым, мұнда болған бірнеше күнде көп ойландым, Алматыға баруға мүмкіндік болмады.

Қазір бәрі осылай болғанына қуаныштымын, өйткені ұзақ уақыт бойы шешім қабылдай алмаған едім. Өз парызымды, отаныма, туған-туыс, достарға деген махаббатымды сезініп жүрдім. Қазақстандағы жобаларға көп уақытым мен күшімді жұмсауым керек, тіл үйренейін, бос уақытымда отаныма жұмыс істейін, қолымнан не келетінін көрсетейін деп ойладым.

Шын мәнінде көпшілік разы болмады, «тілді жақсы білмейсің, дұрыс оқымайсың, сөздерді дұрыс айтпайсың» т.с.с.

Жобалар бойынша тиын-тебен ғана төлейді, оған өмір сүру мүмкін емес. Көбі достықты алдыға салады, «Бибігүл, біз доспыз ғой, қазір ақша болмай тұр, келесі жобада саған түсіңе кірмеген гонорар төлейміз» дейді. Мұның бәрі – бос сөз. Бұрыла бере артыңнан тас атады.

Көпке топырақ шашқым келмейді, ерекше жылы сезіммен еске алатын жақсы жобалар да болды. Ол туралы кейін айтып беремін.

Ресейге оралу туралы түбегейлі шешім қабылдадым. Мұнда менің мүмкіндігім көп, бұдан әрі уақыт жоғалтқым келмейді. Егер Қазақстанда қызық жобалар болса, келуге дайынмын.

Мен өз отанымды сүйемін, бірақ қашан қайтып келетінім белгісіз...», – деп жазды актриса.
Тест жауабы: тұлғалық артық Тест жауабы: тұлғалық артықшылық пен кемшілігіңізді анықтаңыз.
Тәжірибелі психологтың тұжырымымен келістіңіз ба? Комментарияға өз ойыңызды жаза өтіңіз.

1💥 Сіз- шығармашылықтың адамысыз. Сіз барлық жерге үлгеруге тырысасыз және қалағаныңызға қол жеткізіп үйренгенсіз.  Қадалған дүниені қолға түсіріп үйренгенсіз. Сіз перфекционистсыз. Сол үшін де қалағаныңыз болмай қалған кезде сізді  ашуландыру оңай. Әрі ойыңыз жүзеге аспай қала сіз үшін нағыз ақырзаман.

 2 💥Сіз бір затты барлығы сияқты көрмейсіз. Фантазияңыз бен ішкі суреттеуіңіз бөлек. Сізден жақсы жазушы шығады. Өмірде болған оқиғаны әдемі суреттеп, жақсы жеткізесіз. Сіз дүниенің әр құбылысына терең үңілгенді ұнатасыз, сондықтан да жаңашылдықты жаныңыз сүйеді.

3💥 Сіз жаратылысыңыздан кәсіпкерсіз. Сізге барлығының назары ауғанын қалайсыз. Бір уақытта бірнеше жұмысты қатар алып жүру жаныңызға рақат сыйлайды. Сіз қолға алған істі тастап кетуге арланасыз. Өзіңіздің еңбекқорлығыңыздың арқасында үнемі көздеген мақсатыңызға жетесі.

4💥 Сіз өзгелерге қарағанда жаңаша, ерекше ойлайсыз. Бірақ кейде сенімсіздігіңіз көп тежеуіш болады. Ойды жүзеге аспай қалады деп өзіңізді жиі тоқтатасыз. Бастаған істі аяқтау сізге көп жағдайда қиын. Сондақтан, бойыңыздағы сенімсіздікті жеңуге тырысыңыз, батыл болсаңыз сіздің болашағыңыз жарқын.  Қолға алған істі қалаған дәрежеде аяқтауға күшіңіз жетеді, тек өзіңізді тежемеңіз. 

Қалғаны комментарияда⬇️⬇️⬇️

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.