Воскресенье, 17 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алаяқ: Танымал отандық әнші қара халықты тақырға отырғызып кетті (фото)

Әнші Амангүл Сәндібаеваны Астана мен Атырау жұрты жер-көктен іздеп жүр

17.08.2018
0
Алаяқ: Танымал отандық әнші қара халықты тақырға отырғызып кетті (фото)

Журналистерден араша сұрап, әншіден ақшасын ала алмай жүрген қазақстандықтардың саны мыңнан асады. Бұл туралы Nur.kz ақпараттық агенттігі жазды.

Дүйім елдің сөзінше, аузынан Алласын тастамайтын өнер иесі қара халықты «Ақ Жайнақ» атты пирамидаға ақша салып, баюға үгіттеген. Соның бірі – баласы науқас Сәуле Ғабдулина.

«Баламды шипажайға апару үшін үш жүз мың теңге қажет еді. Таныстарым “Ақ Жайнаққа” ақша салсаң, бір аптада екі еселенеді, біз бірнеше мәрте ақша беріп, үлкен пайыздық үстемемен қайтарып алдық деді.

Шілде айында күйеуім, қызым, балаларымның атынан 160 мың теңгені салып, пайда түгіл өз қаражатыма жете алмай қалдым”, – дейді Астана қаласының тұрғыны.

#АмангульОрынбасаркызы

A post shared by Майра Уразгалиева (@mairastar93) on Jul 15, 2017 at 1:57pm PDT

Жәбірленушілердің сөзінше, пирамидаға тап болғандардың басым көпшілігі – зейнеткер, мұғалімдер мен жағдайы төмен отбасылар. Барлығы оңай ақша табамыз деп опық жепті. Тіпті араларында миллиондап қаржы құйғандар да бар.

«Танысым «мен кепіл боламын саған, бір аптада ақшаңды екі еселейсің» деген соң 900 мың теңгені Амангүл Орынбасарқызының көмекшісі Айгүл Әбдіқадырқызының есепшотына банк арқылы аудардым. Ақшамды қайтара алмай жүргеміне екі апта болды. Қазір Амангүлді не көмекшілерін таба алмай жүрмін», – дейді Динара Қабылбекова.

«Ақ Жайық» пирамидасы 4 шілде күні Атырауда, 14 шілде күні Астанада кеңселерін ашып, заңды түрде жұмыс жасаймыз деп жұртты сендірген. Талап бойынша әр адам алғашқы салым ретінде 20 мың төлеп, артынан екі адам әкелуі тиіс. Шартты орындағандар бір аптадан соң сыйақы ретінде 40 мың теңгеден алып отырған.

Осыған сенген тұрғындар алғашқы табыстарына мәз болып, туыс, көршілеріне дейін жетектеп әкеліп, аямай қаржы құйыпты. Ақшаны олар әншінің көмекшілерінің есепшоттарына аударып отырған.

Осыны сылтау еткен әнші Амангүл Орынбасарқызы ақшасын сұрағандарға «Маған тиын да берген жоқсыңдар, кімге салдың содан сұраңдар» деп қашып кеткен.

Ал салымшылармен жиын кезінде ол өзін «Халық әншісімін, Алла үшін халқымды несиеден құтқарып, мүгедектерді қаржы қиындығынан арылтамын» деп сөз беріп, артынша ән салып берген. Бар жиғандарынан айырылған жұрт қол жинап, Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасына арыз түсірген.

NUR.KZ порталының тілшілері Амангүл Сәндібаеваның пікірін білмек болғанымен, әнші жауап бермеді. Алайда, халықтың миллиондаған қаржысын жиған көмекшілерін тауып тілдесіп көрдік.

«Мен ол кісімен шілде айында Астана Моллда таныстым. Халық әншісімін, «Ақ Жайнақ» фирмасының басшысымын, интернет дүкен ашып жатырмын, мүгедектер мен ауру балалардың жасаған қолөнер жұмыстарын сатып, елге де өздеріңе де табыс табасыңдар деп сендірді.

Басында ақшаны халық Амангүлдің жеке есепшотына аударды. Кейін ол кісі біздерге «банктегі шотымды жауып тастапты, уақытша сендер ашып, түскен ақшаны шешіп маған бересіңдер» деді. Өзі аузынан Алласын тастамай, халқым деп сөздің майын тамызып сөйлеген соң, сеніп қалдық.

Күнде кешке өзі немесе есепшісі Махамбетова Венера келіп түскен ақшаны алып кетіп отырды. Жарты айда біз карточкамызға түскен 109 миллион теңгені қолына ұстаттық. 4 тамыздан бастап ақша салғандар шу шығара бастады.

 

Содан кейін Амангүлді де, есепшісін де таппай қалдық. Қазір жүздеген салымшы біздің жағамыздан алып жатыр. Қорыққанымыздан әрқайсымыз несие алып, біразына салған қаржыларын қайтардық. Бұл жұмысқа балам мүгедек болған соң барып едім», – дейді Арайлым Сәбитқызы.

Жәбірленушілердің сөзінше, Амангүлдің айласына ақша салғандардың бас аяғы бес мыңға жетіп қалған. Оның ішінде жүзге жуығы – қазақ эстрадасындағы танымал әншілер.

Амангүл Орынбасарқызы әртістерден біраз қаржыны “күйеуім ажал аузында жатыр, балам науқас” деп қарызға алып, қайтармай да кеткен. Жұлдыздар елден ұялғандарынан салған қаржыларын талап етпей, әріптестеріне «садақа» деп отыр.

Бөлісу21Твит13
Алдыңғы лауазым

Төтенше жағдай: Ғалымдар алдағы бес жылда аптап ыстық болады деп дабыл қағуда

Келесі лауазым

Күйеуіне ерегіскен түркістандық келіншек 3 баласын көлікке қамап, айдалаға тастап кетті

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Мінезіңіздің плюсы мен минусын білгіңіз келеді ма? Онда мына суреттен көзіңізге түскенін емес, өзіңізге ұнағанын, жаныңызға жақынын таңдаңыз.

 Бір тәуліктен кейін тәжірибелі психологтың тұжырымын ұсынатын боламыз. Комментарияға қай суретті таңдағаныңызды жаза өтіңіз.

❤ басуды ұмытпаңыз. Сіздер басқан лайктың санына қарап  жауаптың қажетті немесе керексіз екенін анықтайтын боламыз. Сәттілік
Осы картинканы отініш репостпен немесе ватсаппен таратып маған көмектесіп жіберсеңіздер. 
Соңғы кезде денсаулығым нашарлап кетті. Жылдын 1 ші жартысында көмектесіп жібердіңіздер.  Мемлекеттен кутіп едім бермеді. Түнде тыныс алуым нашарлап кетті. Больницага пандемия кезінде жаткым келмейді. 

🆘И СНОВА ОКТАГАМ🆘⁣⁣⠀
Диагноз: Тяжелая миастения

Миастеников, лишили жизненноважного препарата - Октагам. До 2017 г он входил в ГОБМП, сейчас миастению исключили из списка нозологий по которым можно получить его бесплатно. Препарат очень дорогой. Я  только благодаря этому препарату могу хоть как-то передвигаться, есть, разговаривать, дышать...

🙏🏼ПРОСИМ ВАС🙏🏼наши дорогие благотворители, помочь со сбором!⁣⁣⠀
Также просим поделится🔁 этой публикацией, возможно кто-то также как вы, захочет ПОМОЧЬ!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
🔰KASPI GOLD⁣⁣⠀ 
4400 4301 7047 3869 
 +7747 777 9841
Анар Хамитова 

АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН

⁣⁣⠀
«Халқына қарсы шықты». АҚШ-тағы боксшы олимпиада чемпионы Ибраимовты сөкті 

10 қаңтарда парламент сайлауы өткен күні Алматыда наразылыққа шыққандарға басу айтуға келгендер арасында Олимпиада чемпионы #ЕрмаханИбраимов та болды. Ол арнайы жасақ қоршаған жұртты тарауға үндеп, наразылардың плакатын жыртты. БАҚ-қа берген сұхбатында Ибраимов оларды «іріткі салушылар» деп атайды. Америкада тұратын кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова Ибраимов «кезінде өзін қолдаған халыққа қарсы шыққанын», халықтың «алаңға шығудан басқа амалы қалмағанын» айтты.
Депутаттың ант қабылдау рә Депутаттың  ант қабылдау рәсімінен кейінгі жағдайы...
Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.