Осыдан бірнеше күн бұрын Facebook әлеуметтік желісінде бапкердің шәкірттерін ұрысып-балағаттап, олардың намаз оқуларына кедергі келтірген видеоролик тарап кеткен болатын. Артынша бұл оқиғаның Жамбыл облысындағы «Атлетик» спорт кешенінде болғаны анықталды.
Кейін облыстық спорт басқармасының басшысы ұстаздың қызметтен қуылғанын мәлімдеді.