Четверг, 21 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Күйеуіне ерегіскен түркістандық келіншек 3 баласын көлікке қамап, айдалаға тастап кетті

Өмірмен арпалысқан балақайлар тұншыға бастаған соң, көліктің сигналын басып, көмекке шақырған

17.08.2018
0
Күйеуіне ерегіскен түркістандық келіншек 3 баласын көлікке қамап, айдалаға тастап кетті

Түркістан облысында күйеуіне ерегіскен әйел үш бірдей баласын аптап ыстықта көлікке қамап, айдалаға тастап кеткен. Абырой болғанда, көлікте тұншығып қалған балаларды туған әкесі дер кезінде тауып алып, ауруханаға жеткізген. Ал құзырлы орган өкілдері  қатыгез ананы  қамауға алды.

Аптап ыстықта тұншыға бастаған балақайлар көліктің сигналын басып, көмекке шақырған. Оны бірінші болып, әкелері естіп, ыстыққа тұншыққан балдырғандарын сыртқа шығарады. Алты жастағы Розимурадқа ауа жетпей құлаған соң, жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізеді.

Мен тауып алғанда балалар терлеп кеткен. Ыстығы көтерілген. Жедел жәрдем келіп барлығын тексерді. Екі сағат бақылауда болды. Егер сол кезде мен білмей қалғанда, балалар өліп кетер ме еді?”, — дейді балалардың әкесі Ділмұрад.

Ділмұрад бұрынғы әйелінің мұндай қадамға баруына арадағы жанжал себеп дейді. Ол өзінің әйелімен бес жыл бұрын ажырасып кеткенін алға тартты. Содан бері бала-шағасының мазасын алып, ұрып-соғатынын біледі екен.

Қолына алуға қауқары жетпейді. Екінші рет шаңырақ көтеріп, екі балалы болғанын да жасырмайды. Сондықтан да, балаларын анасына емес, балалар үйіне өткізуді сұранды.

Білім бөліміндегілер “Полицейлерге арыз жазған. Қазір анасын күтіп отырмыз. Екі жақты да тыңдау керек” деп отыр.

Білім бөлімінің мамандары қатыгез ананы ұзақ күтті. Балаларын өлімге қиған келіншекті тәртіп сақшылары тауып, полиция бөліміне әкелді. Әйел перзенттеріне қиянат жасағанын мойындады

“Ажырасып кеткен күйеуімнің анасының сөзіне бола тастап кеттім. Анасы “иттен туғансың” деді. Сол итке бала-шағамды тастап кеттім. Көрсін, бақсын балаларын”, — дейді балалардың анасы Зухра.

Жауапсыз ананың бұл ісіне байланысты полицейлер екі жақтан түсініктеме алып, тиісті құжаттарды арнайы комиссияға өткізеді. Комиссияның шешімі бойынша туған перзенттерін далаға тастап кеткен анаға шара көрілмек. Бірақ Ділмұраттың өзі балаларын ажырасқан әйеліне бергісі жоқ. Тағы да ерегісіп, кішкентайларға кесірін тигізе ме деп қорқады.

Қазір балғындар әкесінің қарауында. Отағасы екінші отбасын сақтап қалу үшін амалсыздан үш перзентін балалар үйіне өткізбек. Бірақ соңғы шешімді балалардың құқығын қорғайтын комиссия шығарады.

 

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Алаяқ: Танымал отандық әнші қара халықты тақырға отырғызып кетті (фото)

Келесі лауазым

Қостанай облысында жүргізуші балақайды қағып өлтіріп, ізін суытқан

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15-ші желтоқсанында төртемді дүниеге әкелген. 

Жүктілігі ауыр өткен әйелді дәрігерлер 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған. 

Дүниеге 1 ұл бала мен 3 қыз бала келген. Осылайша, 25 жастағы келіншек бірден көпбалалы ана атанған. Сәбилер отбасының алғашқы балалары екен.
 "Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды білдіремін", - дейді Самира Гасанова.
Орал қаласында Сауда орталығының алдында өлең айтып тұрған жігіттті полицейлер қолын қайырып ұстап алып кетті... 

Толық ақпарат анықталуда.
Қазақстандық жанармай беке Қазақстандық жанармай бекетін өртеп, қашып кетті
⠀
 Өрт машинаны да шарпығанына қарамастан кетуге асықты.
⠀
Қазақстандық жанармай құю бекетін өртеп, сол бойда қашып кетті.
Алматы қалалық соты әлеуметтік желілерде тараған "мас судьяның" видеосына байланысты қызметтік тексеруді бастады.
Видеодан төрт адамды байқауға болады, олар балағат сөздер айтады, болжам бойынша, ондағы ер адамдар мас болған.

"Олардың бірі - Алматының Алмалы аудандық сотынан келген Фемиданың қазіргі қызметшісі дейді", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қалалық соты осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде бір видео қызу талқыланып жатыр. Видеода Алмалы аудандық сотының судьясы бар екені айтылады. Осы дерек бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Белсенділер жаңа мәжілісті Белсенділер жаңа мәжілісті "заңсыз" дейді. Депутаттардың өзі не айтады?

Бүгін, 20 қаңтар жаңадан сайланған мәжіліс депутаттарының алғашқы отырысы өтті. Белсенділер мен оппозициялық топтар бұл парламентті "заңсыз сайланды" дейді. Депутаттардың өзі бұған не айтады? 10 қаңтардағы сайлау нәтижесі бойынша, парламенттен экс-президент Назарбаевтың биліктегі "Нұр Отан" мен билікшіл "Ақ жол" және "Қазақстанның халық партиясы" (бұрын "Қазақстанның коммунистік халық партиясы" деп аталған) орын алған.
Ата-аналарды шошытқан заң ж Ата-аналарды шошытқан заң жобасының тармағы... сіз не дейсіз бұл демократиялық тәрбие ма?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.