Нумеролог Айнұр Асанбердінің пікірінше, елді дуалаумен айналысатындардың өмірі ешқашан дұрыс болмайды және соңында ешқандай жақсылыққа әкелмейді. Тіпті біреуге зиян келтіру мақсатында өзгені оқытуға кез-келген маг бара бермейді, дейді ол.
“Оны жайдан-жай “қара магия” деп айта салмаған. Оны жасатқан адам да, жасаған адам да, дуаланған адам да жақсы болмайды. Бұл үшеуі үшін де жақсы емес. Кез- келген маг біреуді дуалау жауапкершілігін өзіне ала бермейді”, – деді ол.
Сондай-ақ Айнұр қазіргі таңда біреудің оқытқанынан емес, өзінің ішкі ниетінен зардап шегетіндердің көп екенін айтты.