Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақы салт дәстүрмен келін алған орыс жігіті дүркіретіп құдалық жасамақ

Келіншегіне сәлем салдырған славян ұлтының жігіті дүркіретіп құдалық жасайтынын айтты

16.08.2018
0
Қазақы салт дәстүрмен келін алған орыс жігіті дүркіретіп құдалық жасамақ

Славян ұлтының жігіті неліктен қазақы дәстүрмен беташар жасағандығын ашық айтты. Жігіттің сөзінше, сүйіктісі қазақ қызы болғандықтан, бастапқыда қайын жұрты күйеу баласын қуана қарсы алмады.

Бірақ жастар бір-бірін  жақсы көретінін дәлелдеп,  соңына дейін күресті. Араға екі жыл салып,  Ханшайым есімді бұрымдының ата-анасы екі жастың махаббатына батасын беріп, отау құруға келісімдерін беріпті.

«Ханшайыммен екі жыл бұрын таныстым. Группаласымның қарындасы. Ұнатып қалған соң, сөз айтып, жүре бастадық. Алғашқыда оның ата-анасы қарсы болды. Бірақ кейін келісімін берді. Қайын жұртым беташар жасауды сұрады. Бірден келістік. Салт-дәстүрге сай бәрін орындадық. Қалың мал беріп, беташар жасадық», — дейді қазақтың қызын келін еткен Андрей Бочаров.

Өзге ұлтқа келін болып түскен қазақтың қызы Ханшайым Шымкентте туып өскен. Қазір ол Бочаров отбасының кенже келіні атанды. Андрейдің өзі — жанұясындағы кішісі. Сондықтан жас жұбайлар Шәуілдір ауылындағы қара шаңырақта тұрамыз дейді.

«Отбасымызда үш қыз, үш бала бар. Өзім Шәуілдір ауылында тұрамын. Ханшайым медицина мамандығы бойынша білім алған. Менің жасым 25-те. Келіншегімнің жасы 19-да. 14 тамыз күні алып қашып, Ханшайымды үйге ақ орамалмен кіргіздік. Ертесіне ауыл тұрғындары мен туысқандар үшін беташар жасадық «, — дейді қазақтың қызын келін еткен Андрей Бочаров.

Бочаров отбасы қазақтың салт-дәстүрін сақтап қана қоймай, қазақ тілін жақсы меңгерген. Ауылда тұратын славян жанұясы мемлекеттік тілде сөйлеседі екен.

Бөлісу16Твит10
Алдыңғы лауазым

Ақтөбеде ағайынды салафиттер теракт туралы хабарлап елдің үрейін ұшырды

Келесі лауазым

Халық әртісі Роза Рымбаева өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.