Понедельник, 25 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Біраз былықтың бетін ашты: Шымкентте сотталғандар түрмедегі заңсыздықтың бәрін жайып салды

Шымкентте бір топ сотталған азамат түрмедегі заңсыздықтардан әбден мезі болып, біраз былықты ашық айтты

17.08.2018
0
Біраз былықтың бетін ашты: Шымкентте сотталғандар түрмедегі заңсыздықтың бәрін жайып салды

Шымкенттегі ИЧ 167/11 түзеу мекемесіндегі жағдайға көңілі толмаған сотталушылар бірнеше рет құзырлы органдарға шағым түсірген.

Айтуларынша, түрме қызметкерлері абақты ішінде көп сұрақты ақшаға шешіп береді. Мекеме қызметкерлері тіпті өздері ішке ұялы телефон кіргізіп беруге ұсыныс тастаған. Тек жай кіргізіп қоймай, ол үшін қомақты қаржы сұрап отырған.

“Мына телефонды сатып алдым. Жалпы 100 мың теңге бердім. Алдында тағы бір осындай “простой” телефон кіргізіп берген маған. Істемей қалды да, сосын оны суға ағызып жібердік. Бәрі біледі біздің телефонмен сөйлесетінімізді. Міне, қуаттығышы. Артында тағы да SIM карталарым бар”,-дейді сотталушылардың бірі.

Алайда  жазасын өтеушілердің бірі байланыс құралының құны қымбат екенін айтқанда: “Біз бастық екеуміз бұл ақшаның барлығын қалтамызға тығады дейсіңдер ме? Біздің де беретін жерлеріміз бар” деп жауап қатыпты.

Ол аз дегендей, жабық мекемеде карта бизнесі өршіп тұр. Сотталушылар түзеу мекемесінің қызметкерлерін құмар ойын арқылы оңай табыс тауып отыр деп айыптады.

“Жазамды өтеп жатқан кезде Жалғасбаев Ермек маған келіп, “картаға ойын ұйымдастырып, маған іштен ақша шығарып берші” деді. “Иә”деп алып алдым да, сіздерге заңсыз іс-әрекеттерін дәлелдеп беріп жатырмын. “Үштен бірін маған, үштен бірін “вор в законе”-ларға жіберіп отырасың” деді. “Иә-иә” дедім, “оларға мына новый SIM картамен звонда” деп әкеп берді”, — дейді жазасын өтеуші.

“Біз шындықты айтып жатырмыз. Сотталғандар телефонды, картаны, героинды, анашаны қайдан алады дейсіздер? Міне, өздері ақшаға алып келіп береді. Онда мына үш телефонды қалай кіргіземіз? Шымкент қаласы Сәуле ауданындағы ИЧ167/11 түрмесінде міне жағдай осындай”  деп отыр. Тамақ мәселесінде де тиісті ас-ауқат берілмейді деген түрмедегілер олардың жағдайын  ҚР Жоғары соты мен Бас прокуратура, ҰҚК секілді құзырлы органдар көрсе, тексеру шараларын жүргізеді деген үмітін жеткізді.

Ал Ведомство болса, тексеріс жүргізіп, түрмедегі былықтарды растап отыр.  Департамент басшысы Атэльбек Досмағамбетов бұл келеңсіз жағдайды жоққа шағармады. Түзеу мекемесінде тінту шаралары жүргізіліп, тыйым салынған заттар тәркіленіп алынған. Ал сотталушылар заңсыз әрекеттерін тізіп шығып, әшкере еткен мекеме қызметкерлері тәртіптік шарамен оңай құтылып кеткен.

“Айтылған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде осы фактіге қатысы бар деп танылған қызметкерлер мен сотталғандарға қатысты тәртіптік шаралар қолданылды”,- деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ішкі істер департаментіндегілер түрмедегі режимді қаскөйлікпен бұзушы деп танылған сотталғандардың бұл іс-әрекеттері арқылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің беделіне нұқсан келтірмек болғанын атап өткен.

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Балалықтың бал дәмін татпады: Шымкенттік алты жасар балақай мүгедек анасын өзі бағып жүр

Келесі лауазым

Құтылдым-ау: Әнші Салтанат Бақаева хит әнінің авторына қомақты қаражат беріп елді шулатқан дауға нүкте қойды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Жатып алып осылай оттайтындардың мақсаты не? 

Жариялауды өтінген оқырманның жазбасы:- Танитындар болса айтсыншы. Қай қалада тұралы екен. Арандату ма әлде өзі еріккеннен айтып жатқан қатын ба? Арнайы барып сөйлесейін, қандас бауыр деп бауырымызға басқанымызға кінәлі болсақ соны айтсын. Әйел екен демеймін, еркек басыммен сөйлесемін.-дейді.

Ескерту: бір қандасымызға бола барлығына кінә артудың қажеті жоқ.
Келісесіздер ме? Келісесіздер ме?
Жамбыл  облысының орталығында өткен кездесуге өңірдің 300 тұрғыны қатысты. Жиында әлеуметтік көмек, медициналық қызметтің қолжетімділігі, спорт, білім мен инклюзивті оқытуды дамыту туралы сөз қозғалды. Тұрғындардың бірін несиені кешіру мәселесі қызықтырды.

Сұраққа жауап бере келе  Жалпы, кредит алардан бұрын "ертең оны қалай қайтарам деп" ойлану керек", -деп атап өтті Бердібек Сапарбаев...
Кей адамдар сізді сырттан қ Кей адамдар сізді сырттан қарап-ақ ішкі ойыңызды біліп алады. Психологиялық жас дегенді білесіз бе? Психологиялық сауаттылықтың пайдасы көп. Өйткені сіз өмірде өзіңізге тиімді қадамды қалай жасау қажеттігін біліп тұрасыз.

Бұл тестте сіз өзіңізді түсігіңіз қаншалықты алдайтынын білесіз. Мүмкін тіпті алдамайтын да шығар.  Айналаңызды қаншалықты жақсы түсінетініңізді тексеріп көріңіз.

Комментарияға қай қызды таңдағаныңызды жаза өтіңіз. Жауап  осы парақшадағв Историяда болады. Сәттілік, ойланып барып жауап беріңіз⬇️⬇️⬇️
Қазір әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген…

Продюсер Баян Алагөзова карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді.

«Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біздің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз», – деді Алагөзова.

Продюсер өзінің қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

«Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген «KeshYOU» тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір тып-тыныш. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді», – дейді Баян.
Желідегі кей арналар халық Желідегі кей арналар халық әртісі марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті сатып кетті, ол қарсы болған жүйеге жақын болды деп айыптап жатты.
⠀
МақпалЖүнісова өзін айыптағандарға жауап берді.
⠀
"Мені қаралаған, маған қара күйе жаққысы келетіндерге айтарым. Мен 15 жылдан бері Зәкеңнің шаңырағының түтінін түтетіп отырмын. Ешкімге алақан жайған жоқпын. Өз күнімді өзім көрдім. Қызымды өсірдім. Отанды сатып кеткен ештеңем жоқ. Әсіресе, жап-жас қазақ қыздары мен жас қазақ жігіттері үшін адамды мазақ қылу деген түкке тұрмайтын дүние болыпты.
⠀
Біреуді қаралаған, күйе жаққан, жала жапқан адамдарды Аллаға тапсырдым. Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Өзімнің арым таза екенін білем. Қызым да биыл алғаш рет сайлауға барып, өз таңдауын жасады. Әркімнің өз таңдауы болады", - деді халық әртісі парақшасында.
⠀
Жүнісова өзін айыптаған ағайынға Мұқағалидің өлеңімен жауап берді.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.