Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Күйеуімен Сирияға барған қазақстандық қыз құлдыққа түсті

Экстремистік жолдағы азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық бойжеткен сәбиімен бірге Сирияға барып, бір жылдан бері туыстарына байланысқа шықпаған

17.08.2018
0
Күйеуімен Сирияға барған қазақстандық қыз құлдыққа түсті

Жамбыл облысының Қордай ауданы тұрғыны экстремистік жолдағы азаматқа тұрмысқа шығып, 2015 жылы кішкентай сәбиімен бірге Сирияға аттанған. Оның туыстарының айтуынша,  бір жыл бойы келіншек туралы еш хабар бермеген.

Отбасын құрған соң бойжеткен бірден өзгере бастапты. Ол туыстарымен мүлде сөйлеспей, ата-анасымен де сирек әңгімелесетін болған екен.

Роза (есімі өзгертілген) тұрмысы жақсы отбасында тәрбиеленген. Ол «дефектолог-логопед» мамандығы бойынша жоғары білім алып, екі жыл көлемінде Қаскелеңде жұмыс істеген. Ал университетте оқып жүргенде Алматы қаласындағы әпкесінің үйінде тұрып жүріпті.

Тұрмысқа ару 2014 жылы 23 жасында шыққан екен. Ал оның Тараздық күйеуі Ғани (есімі өзгертілген) өзінен бір жас қана үлкен болған.

Розаның жақындары жігітті мүлде танымапты. Олар Ғаниды тек бір-екі рет қана көрген екен.

Олардың сөзінше, Ғани кәмелеттік жасқа толмаған кезде адам өлтірді деп айыпталып, алты жылға сотталған екен. Алайда, бұл мәліметтерді туыстары көп уақыттан соң ғана естіпті.

Жас отбасы тойдан кейін Алматыда тұруды жоспарлаған. Сондай-ақ, олар осы уақытта соғыс істері жүріп жатқан аймаққа кетуді мақсат тұтқан көрінеді.

Туыстары қыздарымен соңғы рет 2015 жылдың 18 тамыз күнісөйлесіпті. Анасы телефонмен олардың жолда кетіп бара жатқандарын естіген екен. Бұл уақытта олар Қырғызстанға кетіп, артынша Туркия мен Сирияға аттаныпты. Одан кейін байланыс тек әлеуметтік желі арқылы болған. Ал уақыт өте желімен де байланысу мүмкін болмай қалыпты.

«Ол біздің қызымызды алдап алып шықты. Ол үнемі өтірік айтатын», — деді қыздың анасы.

2018 жылдың наурыз айында желіде Розаның атынан Ғани жазып, қыздарының тұтқында екенін жеткізген. Оны босату үшін 6 мың доллар (2,2 миллион) қажет екенін де айтыпты.

Оның айтуынша, Сириядағы жарылыстан кейін Ғанидың анасы, Роза мен қызы Туркияға жіберіліпті. Алайда жолда оларды күрттер тұтқынға алып, құлдыққа салып жатқан көрінеді.

Сыртқы істер министрлігінен қазақстандық қыздың туыстары осы жылдың шілде айында көмек сұраған. Қыздың қазіргі мекен-жайы анық болмаса да, министрлік бұл шағымды қабылдапты.

Жанұя анасы мен қызын Қазақстанға қайта әкелудің жолдары табыларына сеніп отыр.

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Мақпал Жүнісова отбасылық архивімен бөлісіп жұртты елжіретті

Келесі лауазым

Оның еш кінәсі жоқ: Денис Теннің өліміне күдікті үшінші қыздың анасы жанайқайын жеткізді

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.