Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Шәкен ағамыз да оқымаған». Асхат Тарғын неліктен актерлікке бет бұрғанын түсіндірді

Десе де әншіге осы күнге дейін басты рөл бұйырмаған екен.

17.08.2018
0
«Шәкен ағамыз да оқымаған». Асхат Тарғын неліктен актерлікке бет бұрғанын түсіндірді

Асхат Тарғын «Ойбайlife» бағдарламасына берген сұхбатында актерлікке бет бұрғанын және өзіне осы саланың ұнап қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.

«Өзімді толыққанды актермін деп айта алмаймын. Шыны керек, мен актерлікті оқыған жоқпын. Тек музыка саласында білім алдым. Қазақта «Жігітке жеті өнер де аз» деген сөз бар. Оның үстіне арасында бейнебаянға түсіп, камераның алдында жүруге үйренгенбіз. Мені сериалға түсуге өздері шақырды. Ал менің орныма бастапқыда келісілген актерлері бір жағдайлармен келе алмай қалған екен. Оның бас тартуы түсірілімнің ұзақтығымен байланысты шығар. Яғни сериалдың режиссері менің бейнебаяндағы рөлдерімді қалай ойнайтынымды көрген. Кейін «Сен осы рөлді ойнай аласың. Келіп көрсеңші» деп шақырды», – деді әнші.

Әрі қарай бұл сомдаған рөлінің өміріне еш өзгеріс әкелмегенін айтты.

«Мен өмірде қандай болсам, кинода да сондаймын. Себебі, маған басты рөлдегі кейіпкердің рөлі берілмеді. Шмән апаның үшінші кенже ұлы болдым. Арасында ғана шығып жүрдім. Бастамамыз жаман емес. Қазір бірінші маусым бітті. Рейтинг жоғары болғандықтан екінші маусымға түсіп жатырмыз», – дейді ол.

Сондай-ақ, Асхат Тарғын актерліктің өзіне ұнап қалғанын жасырмады. Десе де, киноға табиғи таланты немесе осы салады білімі бар жандар ғана түсуі керек деген пікірде.

«Былтыр бір киноға түскен болатынмын. Бірақ, ол жерде бірнеше сахнада ғана ойнадым. Сол кезде маған осы сала кішкене ұнап қалды. Ойнап жүргендер өзіміз секілді адамдар екен. Сонымен, тәуекел деп түстік. Бірақ, өз басым киноға осы сала бойынша білімі бар актерлер ғана түсуі керек деп ойлаймын. Өйткені, әр саланың өзінің маманы болады. Бәрібір кімнің оқыған екені көрініп тұрады. Кейде табиғи таланттар болады. Менің естуімше, Шәкен Айманов ағамыздың өзі оқымаған екен», – деді жұлдыз.

Бөлісу5Твит3
Алдыңғы лауазым

Қазақ жігіті үш тәулік ұйықтамай жаңа рекорд орнатты

Келесі лауазым

Арықтаған Нұртас Адамбай өзіне қалыңдық іздеп жүр

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Депутаттың ант қабылдау рә Депутаттың  ант қабылдау рәсімінен кейінгі жағдайы...
Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барасыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.