Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Мал сасып кетіпсің»: Есікте сәтсіз қалжың екі адамның өліміне себепші болды

7 мамыр күні болған төбелестің соңы қантөгіспен аяқталды: атпалдай екі азаматтың жары жесір, балалары жетім қалды

23.08.2018
0
«Мал сасып кетіпсің»: Есікте сәтсіз қалжың екі адамның өліміне себепші болды

Отан қорғаушы күніндегі отырыс атпалдай екі азаматтың жарын жесір, балаларын жетім қалдырды. Қаскелеңдегі сот залы марқұмдардың жақындарына лық толды. Мылтықпен лаң салып, бір адамды атып, екеуін жаралады деген Іле Алатау мемлекеттік ұлттық саябағының қорықшысы Олжас Мейірханов басты айыпталушы. Қасындағы Әмір Әбубәкіров полиция мойорының арқасына пышақ сұққан екінші айыпталушы. Прокурор таққан айыппен екеуінің де толық келіскісі жоқ.

«Қорқыту мақсатында ғана ұрдым. Қандай да бір ауыр жарақат, не өлтіру үшін ұрған жоқпын. Ондай ой болған жоқ».

Оқиға жетінші мамыр Есік қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Ішімдік құйылып, ду-ду әңгімемен отырған алты жігіттің арасындағы кикілжің «мал сасып кетсіпсің» деген сәтсіз қалжыңнан басталған екен. Айыпты Олжас атқан оқтан жараланған жәбірленуші Қаһарман Жұман сол күннің куәгері. Айтуынша, кешірек көлікпен жеткен Мейірханов пен Әбубәкіров мылтық пен пышақтарын ала жүгіріп мейрамхана маңын жанжал алаңына айналдырыпты-мыс.

«Менің есімде Олжастың келіп-кеткені қалыпты. Одан кейін атыс болды. Сол жаққа жүгіргенімде алдымнан мылтық ұстаған Олжас шықты, маған қарсы оқ атылғанын көрдім. Құлап түстім, одан әрі қарай есімде жоқ», — дейді жәбірленуші Қаһарман Жұман.

Атышулы қылмыстың әлі  түсініксіз тұстары көп. Төбелеске жалпы 9 адамның қатысы бар. Екеуі айыпты ретінде қамауға алынды. Біреуі бүгін жәбірленуші ретінде жауап берді. Қалған төрт адам сот залынан көрінбеді. Зар жылаған марқұмның жақындары айыптылардың енді артынан қалған балаларын кәмелетке толғанша жағдайларын жасауды талап етеді.

«Үш немеремді жеткізіп берсін, талабым сол. Он сегіз жасқа дейін төлейтіннің бәрін төлесін. Әкесінің беретінін осылар төлесін», — дейді жәбірленуші.

Мейірханов пен Әбубәкіровке қылмыстық кодекстің 106 және 99-баптары бойынша айып тағылып отыр. Жәбірленушілер мен куәгерлер тыңдалды. Екі тарап та әзірге өз дегендерінен қайтпай отыр.

 

Бөлісу7Твит4
Алдыңғы лауазым

Анам тұрмысқа шығуыма рұқсат бермейді: Мақпал Жүнісова күйеуі қайтыс болғаннан кейін неге тұрмысқа шықпағаннын айтты

Келесі лауазым

Қазір өз сөзінде тұратын адамдар жоқтың қасы: Салтанат Бақаева ақын Назерке Семей туралы өз ойын жазды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.