Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Дәрігерлердің кінәсі дәлелденді: Елордалық ауруханада көз жұмған сәбилердің ата-аналары әділдікке жетті

Әр отбасының оқиғалары түрлі болғанымен, бірақ себебі бір – бәріне дұрыс диагноз қойылмаған. Сол себептен емдеу нәтижесі осындай қайғысы жағдайға әкеп соққан

24.08.2018
0
Дәрігерлердің кінәсі дәлелденді: Елордалық ауруханада көз жұмған сәбилердің ата-аналары әділдікке жетті

Дәрігерлер дұрыс диагноз қоймай балаларды аман алып қалуға болатын құнды уақыттарын осылай жоғалтқан. Бұны Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мойындады. Осыдан кейін баланың өміріне немқұрайлы қараған медициналық мекеменің 14 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Ғазиза Сарсалиева осыдан 8 ай бұрын баласынан айырылды. Сәбиінен айырылған ана көктемде жұмысқа қайта оралғанымен, бірақ төрт айлық ұлын әлі ұмыта алмай жүр. Оның ұлы Марсель өткен жылдың желтоқсан айында ротавирустан емделу үшін төрт күн инфекциялық ауруханада жатып, қайтыс болды.

Баланың аяқ асты өлімі ата-анасының төбесіне жай түскендей болды. Бірақ, олар дәрігерлер баланы дұрыс қарамады деп, медициналық сараптама жасатты. Тексеру қорытындысы баланың өкпе қабынуынан қайтыс болғанын көрсетті. Дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймауынан ұлдарынан айырылған ата-ана Марсельдің неден көз жұмғанын білгеннен кейін денсаулық сақтау министрлігі мен прокуратураға жүгінді.

Сәуір айында дәрігерлердің барлық кемшіліктері көрсетілген, кішкентай Марсельді аман алып қалуға болатындығы туралы сараптаманың есебі дайын болды.

«Дәрігерлер кеңес өткізбеген. Бала кішкентай болғандықтан, олар дәрігерлер кеңесін өткізулері тиіс. Дәрігерлер баланы тексеріп, рентгенге түсуге жіберулері керек болатын. Себебі кішкентай балаларда мұндай өкпенің қабынуы сияқты аурулар ешқандай белгісіз өтеді. Ал, олар бұның бәріне немқұрайлықпен қарап, тексеру жүргізбеген»,-дейді қайтыс болған баланың анасы.

Сәуір айында дәл сол балалар жұқпалы аурулар ауруханасында бір жасар Әділет Сағынаев та қайтыс болды. Тексеру нәтижелері баланың ішегінің бітеліп қалғанын көрсетті. Ал, оны қарапайым жолмен оңай емдеуге болар еді. Бірақ, дәрігерлер бала ішек инфекциясына шалдықты деп, оны бір тәулік бойы емдеген. Бірақ, бала ауруына қажетті ем алмай ауруханада көз жұмды. Енді екі баланың өлімі тексеріліп, олардың неден қайтыс болғаны анықталды. Осыдан кейін дәрігерлердің кінәсі дәделденіп, 14 медициналық қызметкер жазаланды.

«Біреулеріне қатаң ескерту жасалса, тағы басқалары жұмысынан қуылды. Осылайша, сараптама нәтижелері құқық қорғау органдарына құқықтық бағалау үшін жіберілді. Сол кезде балалардың денсаулығына жауапты болған медбикелер қатаң ескерту алды, ал жұқпалы ауру бөлімінің басшысы жұмысынан шығарылды»,-дейді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Сәуле Мұқышева.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Танымал челленджді өз нұсқасында орындаған Әбдіжаппар Әлқожа көпті тәнті етті (видео)

Келесі лауазым

42 күнде 78 рет ұшаққа мінді: Әр минутына дейін жоспарланған Димаш өзі қай жерде тұратынын ұмытып қалған сияқты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.