Суббота, 25 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көбінесе проблеманы өзіміз жасаймыз: Айнұр Тұрсынбаева қыз-келіншектерге кеңесін айтты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қыз-келіншектерге адамды бағалай алмаған жанға уақытты текке өткізбеу керек деді

24.08.2018
0
Көбінесе проблеманы өзіміз жасаймыз: Айнұр Тұрсынбаева қыз-келіншектерге кеңесін айтты

Айтыскер-ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қыз-келіншектерге арнаған жазбасын қалдырып, оларға барынша сақ болуға шақырды.

“Көбінесе проблеманы өзіміз жасаймыз.. Айналамызда қаншама көршіміз болса да өзімізге жақпайтын біреуіне тіреліп аламыз.. Көршілер туралы әңгіме бола қалса тура сол жаман көршіні ғана айтамыз.. Қаншама жақын жақсы қыздар болса да суқанымыз сүймейтін біреуімен араласып, қырыламыз да жүреміз. Өзімізге қамқор болатын мықты жігіттер бола тұра сөзі көп, тірлігі ұсақ біреуге байланып басымызды ауыртып жүреміз.. Ұнамайтын адамнан алыстап үйреніңіз, жайсыз жерден кетіп қалыңыз, жақпайтын әңгімені тыңдамаңыз.. Бәрі өзіңізге байланысты, өмірді қиындатпаңыз! Шешім шығарып үйреніңіз! Адамды ауры қылатын жүйке! Жүйкеңізді жей бермеңіз, ол жазылмайды! Дер кезінде тоқтаңыз! Ешқашан кеш емес! Шын ниетіңізбен шешім қабылдап тәуекел етсеңіз қорқып жүрген нәрсеңіздің түкке тұрмайтын уайым екенін түсінесіз”, – дейді Айнұр өзінің желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол қоштасуға батылы бармайтын адамдардың жігерін қамшылап, өз басын қадірлей алмаған адаммен қоштасу керек екенін баса айтты.

“Қанша керемет адам болса да сізді қуанта алмаса қоштасып кетіңіз.. Қанша жақсы адам болса да өз пікірі болмаса, жұртқа жалтақтайтын болса сізді де жұрттың талқысына салып жібереді.. Қаншама табысты болса да сізді қуантуға талпынбаған адамға өзіңізді қор қылмаңыз..Адам өзгермейдІ! Болашағы жоқ қарым қатынастан аулақ болыңыз.. Энергияңызды жеп, иманыңызды әлсіретеді, жанарыңыздың нұры кетеді..Басыңызды бағалайтын, жаныңызды түсінетін жақсы адамдар өте көп.. Өмір бір-ақ рет беріледі.. Өмір бойы жүрегіңізді езе бермей қиын да болса тәуекел етіңіз..Уақытты уайыммен өткізе бермеңіз, қорықпаңыз! Жұрттың пікірі сізді бақытты қылмайды! Өз бақытыңызды өзіңіз ғана білесіз! Сізді жаңа өмір, керемет бақыт, қуанышты күндер күтіп тұр.. Қараңыз жан-жағыңызға.. Өмір тамаша! Бәріңізге бақыт тілеймін”, – дейді ол.

Желі қолданушыларының ойы екіге бөлініп кетті. Бірі айтыскерді қолдап жатса, енді бірі кері пікірлерін білдіріп жатты.

“Жақсы кеңесіңізге рахмет, көңіліме медеу болды”, “Кейде адам осындай кеңестерге зәру болады”, “Әркім өз өмірі үшін өзі жауап берсін, бұлай айтып біреудің отбасына зиян тиіп кетуі мүмкін”, – дейді желідегілер.

https://www.instagram.com/p/Bm0oI5eA3KH/?utm_source=ig_web_copy_link

Бөлісу19Твит12
Алдыңғы лауазым

Не істерімді де білмеймін: Аружан Саин Абай ауылындағы 7 жасар балаға көмек керек екенін айтты

Келесі лауазым

Айқын мен Жұлдыз үйленгендерін мойындап, тұңғыштарын көрсетті (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    35 бөлісу
    Бөлісу 14 Твит 9
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.