Четверг, 15 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Көп күтім керек: Қызы трактордың астында қалған жетісайлық ана жанайқайын жеткізді

Жетісайда жазғы демалысында анасына көмектесуді  көздеген жасөспірім, егістік алқабына жұмыс істемек болып  алып техниканың астында қалған. Бүгінде 17 жастағы қыз баланың жағдайы мәз емес 

24.08.2018
0
Көп күтім керек: Қызы трактордың астында қалған жетісайлық ана жанайқайын жеткізді

Оқиға тамыз күні болды. Жанерке Ерген анасына көмектесу мақсатында егін алқабына барады. Алайда, тракторшының байқаусыздығынан алып техниканың астына түсіп қалады.

Бүгінде аурухана төсегіне таңылғанына жиырма күннен асты. Алғашқыда жағдайы ауыр болып ауруханаға түсті. Бас сүйегіне қатты зақым келіпғ жарақаттары ауыр болды. Ақ халаттылардың айтуынша, қазірде де жағдайы мәз емес, бірақ бірқалыпты. Сондай-ақ оған үзақ уақыттағы ем-дом қажет екенін де мәлім етті.

“Басынан қатты соққы алған. 1-тамыз күні түсті, жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жеке палатаға шығарылып, күтушісі ретінде қасына анасы жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Көп күтім керек. Ертең ауруханадан шықса да, невропотологтың қадағалауында болады”, – дейді емдеуші дәрігері Тимур Ахмедов.

Қызының аянышты күйде жатқаны анасының жанына батады. Егістік алқапқа амалы жоғынан шығарғанын да жасырмайды. Трактор жүргізушісінің бейғамдығынан, тіркеменің астында қалды деп отыр. Құлағындағы құлаққап қасындағылардың “Тоқта” деп айқайлағанын да естіртпеген. Екі балоны басын жаншып өтіпті.

“Маған келіп, арызыңды қайтып ал, кешірім бер дейді. Мен қалай кешірім беремін? Қызым ауруханада жатыр. Жағдайы болса — анау. Мен олардан ақша сұрағаным жоқ, тек қызымды аяғынан тұрғызып бер деп отырмын. Қазір келіп, жағдайын сұрамаған соң, қолхат бер дедім, оны ноториус арқылы заңдастырайық дедім”, – дейді Жанеркенің анасы Гүлмира Өтембаева.

Жанеркенің анасы трактор жүргізушісі адам басты деп сезініп отырған жоқ дейді. Алдына келіп, кешірім сұраудың орнына, туыстарымен келіп, қарызыңды қайтып ал деп шу шығаратын көрінеді. “Ем-домына көмектес, аяғынан тік тұрғызып бер” деген талабын орындаудан бас тартқан.

“Баламды қалай болса да шығарып аламын. Сенің қызыңның еміне кеткен ақшаны полицияға беріп, шығырып аламын” дейді. Дәрігерлерге де жолықпаған. Сосын оны шығарамыз деп отыр. Қазір бәріне шай-пұл беру керек”, — дейді Жанеркенің туыстары.

Ал тракторшы жігіттің жақын туысы кешірім сұрап бармаймыз деп бекінгендерін жеткізді.

“Тракторға мінбе десе, жүгіріп мінген. Қыз да, мамасы да, егістік басындағы бригадир де кінәлі. Баланың да кінәсі бар ғой. Бізден ақша сұрады, 1 млн теңге. Сол дұрыс па? Енді бармаймыз кешірім сұрап, сотқа берсін, қызы тірі ғой”, – дейді трактор жүргізушісінің туысы Юсуп.

Айта кетейік, аталмыш оқиға Мақтарал АІІБ 1 ПБ-де СДТБТ-ға тіркелген. Қазіргі таңда анықтаушылармен Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Асылхан Төлепов мемлекеттік қызметті місе тұтпай жүр

Келесі лауазым

Нағыз ерлік жасады: Черногорияда суға кеткендерді құтқарған қазақ жігіті жер қойнына тапсырылды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамдық көлікте әйел адам Қоғамдық көлікте әйел адам әжейдің сөмкесін ақтарып, бағалы бұйым мен ақшасын іздеп жатыр. Жолда сақ жүріңіздер!
Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.